«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.11.2020

Ақмолалық ұрылар

Петропавлда бірнеше мүліктік қылмыс жасаған Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды. Алғашқы арыз полицияға тамыз айының соңында келіп түскен. Үйіне келе жатқан мас петропавлдықтан біреу қолындағы барсеткасы мен ұялы телефонын тартып алған. Бұл дерек «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

4,5 тонна шаян тәркіленді

  Тайынша аудандық және облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесе жүргізген жедел тексеру барысында «ЗиЛ» жүк көлігі тоқтатылған. Көлікте салмағы 4,5 тонна «artemia salina» шаяны салынған 105 қап табылған. 1987 жылы туған жергілікті тұрғында көліктегі жүкке қатысты ілеспе құжаттары болмаған. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді, ал жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды. Шығын …

4,5 тонна шаян тәркіленді Read More »

Қызметтік көлік – учаскелік инспекторларға

Петропавл қаласындағы №1 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлеріне жаңа көлік табыс етілді. Бұл автокөлік Мемлекет басшысының қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында бөлінген.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі даму бағыттары жөніндегі баяндамасын тыңдады. Бұл ретте қазіргі әскери қақтығыстардың тәжірибесі сөз болды.