«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.11.2020

Арақ ішіп алып автобус жүргізген

Петропавлдың патрульдік полициясы 7 қарашаға қараған түні Әуезов көшесінен Чайковскийге бұрылған “Dongfeng” автобусының жүргізушісі сау емес екенін байқап қалады. Рөлде 1981 жылы туған автопарк жүргізушісі болған. Тоқтатқан кезде одан алкогольдің иісі аңқып тұрған. Медициналық куәландыру орташа деңгейдегі масаюды көрсетті.

Төрт облыста жолаушы пойыздарының жүру кестесі өзгерді

Жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қолданылып жатқан шараларды атап өтті. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық коммиссия шешіміне және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес СҚО, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарына қатынайтын жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады: