«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.11.2020

ӘДЕПСІЗ СӨЗДЕРІ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ

Петропавл қалалық соты әлеу­меттік желі арқылы өзгені кем­сітіп, қорлаған ер адамға қа­тысты үкім шығарды. Соттың мә­ліметінше, 28 мамыр күні Қуат­бек Иманбеков есімді азамат Ал­маты қаласында отырып, ар-ож­дан­ға нұқсан келтіру мақса­тында “Facebook” әлеуметтік желісінде С. деген азаматқа қатысты әдеп­сіз сөздер жазып, қорлаған.

ӘН — КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әншілері фьюжн форматында онлайн концерт қойды. Өнерпаздар лирика, опера, осызаманғы және пат­риот­тық жанрда әндер орындап, “Instagram” желісі арқылы тыңдармандардың көңілін көтеруге тырысты.

ГҮЛ МЕН ШЕҢГЕЛ

Жерлесіміз, сазгер, ақын, әнші, журналист, диктор Бүр­кіт Бекмағанбетовтің есімі өңір жұртшылығына ғана емес тұтас елімізге белгілі. Тума талант иесінің мысал жанрындағы қолтаң­ба­сы да айрықша. Жақында ол бүгінгі заманда орын алып отырған келеңсіз жайт­тарды өлең жолдары арқылы астарлы оймен те­рең жеткізген мысал­да­рын топтастырып, жаңа жинақ шығарған еді. Шағын кітапқа алтын дауысты өнер иесі­нің елуден астам мысалы …

ГҮЛ МЕН ШЕҢГЕЛ Read More »

ҰМЫТ ҚАЛҒАН АТАУЛАР

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру” мақаласының жа­рық көргеніне үш жылдан асты. “Туған жердің әрбір сайы мен қырқа­сы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауы­ның төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әң­гі­мелер бар. Әр­бір өлкенің халқына суықта пана, ыс­тық­та сая болған, есімдері ел есінде сақталған бір­туар пер­зенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп …

ҰМЫТ ҚАЛҒАН АТАУЛАР Read More »

ҚОС ҚҰРБЫНЫҢ КӘСІБІ

Ауыл кәсіпкерлері топиарий, яғни қолдан мүсіндер жасайтын цех ашып, жаңа кә­сіп­ті игеруге кірісіп кетті. Тың істі дамытуға Қызылжар ауданы Бескөл ауы­лының тұрғындары Динара Жүсіпова мен Елена Левина бел буып отыр. Олар адам бойынан асатын алып мүсіндер жасауды қолға алып, топиарий өнері арқы­лы саябақтарға, бақтарға, көшелерге, демалыс орындарына ерекше сән беруді мақсат еткен. Сондай-ақ, балабақшалар мен …

ҚОС ҚҰРБЫНЫҢ КӘСІБІ Read More »

ЗАҢ ПӘНДЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студент­терін оқытуда қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Болашақ заңгерлердің кәсіби құзыретін қалыптас­тыру үшін сапалы білім, ептілік пен дағдылар қажет. Тео­риялық-практикалық білім кәсіби әрекет ету, тәжірибе тү­рінде нәтиже алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін зият­керлік және практикалық ептілік пен дағдылардың алғы­шарттары болып табылады.

Президент энергетика, көлік, және мемлекеттік наградаларға қатысты Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік, және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

Коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты облыс аумағында 9 қарашадан бастап облыс орталығына кіруге қатысты шектеулер енгізілді. Петропавл қаласының айналасына бес карантиндік бекет орнатылды, оның біреуі Қызылжар ауданының аумағында орналасқан. «Халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері, қалаға медициналық көрсеткіштер бойынша келетіндер, тиісті растау құжаттары бар жұмысқа келушілердің жүріс-тұрысы шектелмейді. Қалған азаматтарда ПЦР-тест …

ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ Read More »

БЕС БЛОКБЕКЕТ ҚОЙЫЛДЫ

Облыс орталығында және Қызылжар ауданында эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты блокбекеттер қойылды. Атап айтқанда, Петропавл қаласы маңында 4 блокбекет және Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылына кіреберіс – “Жезқазған – Петропавл” тас жолының 935-шақырымында бір блокбекет жұмыс істеп тұр.

Ақсудың жолы неге аяқсыз қалды?

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.

АСТЫҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ТЕҢДЕССІЗ ЗАУЫТ

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет жыл сайын қомақты қаржы бөлуде. Импорттық тауарлар айналымы жолға қойылған қазіргі жағдайда халықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу, асылтұқымды мал өсіру, аграрлық және өнеркәсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре отырып, тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету, елді мекендер мен өңдеу кәсіпорындарына баратын жолдарды жөндеу, ауыл инфрақұрылымын жақсарту сияқты …

АСТЫҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ТЕҢДЕССІЗ ЗАУЫТ Read More »

АЛЫС АУЫЛДАР ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУДА

Қазіргі таңда өңіріміздегі елді ме­кен­дердің 410-ы, яғни 64,56 пайызы интернетпен қамтылып отыр. Бұл ауыл­дық жерде тұратын 273 мыңға жуық адам заманауи байланыс жүйе­сімен қамтылғанын білдіреді. Ал 37 мыңнан астам тұрғыны бар 225 ауыл­да әлі күнге сапалы интернет жоқ.

НАЗАРДА — ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ

Солтүстік өңірде соңғы уақытта құрылыс қарқын алды. Көптеген тың жобалар жүзеге асырылуда. Атқарылып жатқан игі істермен жақынырақ танысу мақсатында жергілікті блогерлердің қатысуымен пресс-тур ұйымдастырылды.

ЭЛЕКТРОНДЫ АУКЦИОН – ТИІМДІ ТӘСІЛ

Мемлекет басшысының тіке­лей бастамасымен қолға алынған “Цифрлық Қазақстан” бағдарла­ма­сының бір бағыты – электрон­ды сауда. Бұл еліміздің күллі эко­номикасының қозғаушы күшіне ай­нала алады. Интернет-бизнес – қар­жы мен уақыт үнемдеудің тиім­ді жолы. Қазақстандағы е-коммерцияның дамуы жыл санап ар­ту­да. Осы орайда облыстық мем­лекеттік мүлік және жекешелен­діру департаменті Қазақстан Рес­публикасының “Мемлекеттік мү­лік туралы” Заңына сәйкес жеке­леген негіздер бойынша мемле­кет­тік …

ЭЛЕКТРОНДЫ АУКЦИОН – ТИІМДІ ТӘСІЛ Read More »

ҚОС АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ

Өңірімізге есімі елімізге белгілі атыраулық ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Светқали Нұржан мен халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің гран-при иегері Ербол Алшынбай келіп, «Қызылжар» телеарнасында руханият, тіл жанашырларымен, Ерік Асқаров атындағы ақындар мектебінің шәкірттерімен кездесу өткізді.

ҚАЛА АЖАРЫ КІРУДЕ

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірге облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралады.

МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

  Облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту барысында атқарылған жұмысты қорытындылауға орай айтулы шараларға қатысуда белсенділік танытқан бір топ солтүстікқазақстандық марапатқа ие болды.