«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.11.2020

СҰҢҚЫЛДАҚ АҚҚУ

Бүгінгі таңда елімізде сұңқыл­дақ аққудың (Лебедь-кликун) – са­ны кеміп барады. 

ЗАҢСЫЗ ЕЛІК АТҚАН

Айыртау ауданының табиғат қорғау полицейлері заңсыз аң аулаған бес адамды ұстады. “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілен рейдке қорықшылар да қатысты.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде қазақстандық білім беру жүйе­сінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін халықаралық ынтымақтастық бір жолға қойылып, оқу орны жұмысының басты бағытына айналғаны белгілі. Осы орайда, агротех­нология факультеті де студенттерді сапалы әрі жан-жақты біліммен қамтамасыз ету мақса­тында Израиль, Италия, Қытай, Польша, Германия, Ресей, тағы басқа елдердің агрокомпа­ния­ларымен және оқу орындарымен тығыз байланыс орнатты. …

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА Read More »

Біздің ортақ міндетіміз

Қоршаған ортаны лас­та­нудан қорғап, экологиялық ах­уалды жақсарту үшін, ең ал­дымен, жергілікті тұрғын­дар­дың бойында экология­лық мәдениетті қалыптас­тыру аса маңызды. Яғни, әр­түрлі шаралар мен акциялар ұйымдастыра отырып, аза­маттарды қоршаған орта­ны қоқыстан, басқа да зат­тар­дан тазарту жұмыста­рына жұмылдыру керек. Осы мақ­сат­қа жетуде өңірімізде ұйым­дастырылған эколо­гия­­лық сенбіліктер көп сеп­тігін тигізді.

Ертегілер еліне саяхат

Ғабит Мүсірепов атындағы об­лыстық балалар мен жасөспірім­дер кітапханасы бір топ жаңа кі­тап­пен толықты. Жас оқырман­да­рымыз бұл жолы “Аруна” баспа­сынан шыққан “Тыңда, балам, ер­тегі” топтамасымен жарық көрген “Қарлығаш пен дәуіт” атты ертегі­лер жинағын алып оқи алады. Бұл кітапта “Екі қаз, бір бақа”, “Ит пен мы­сық адамға қалай үйренді?”, “Құмырсқаның қанағаты” сияқты қазақ халқының ертегілері топтас­тырылған.

ЮЛИЯНЫҢ ӘНІ

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 25 жылдық мерейтойына орай “Өнеріміз саған, Қазақстан” байқауын ұйымдастырған болатын. “Дала дауысы” аталымында бас жүлдеге ие болған жерлесіміз Юлия Родионованың “Отан ана” әні қазылар алқасының ғана емес, бүгінде көптеген мәдениет жанашырларының жоғары бағасын алып отыр.

БАЛКОНДАҒЫ БАҒБАНШЫЛЫҚ

Күздің жазға бергісіз жайма-шуақ күндерінің бірінде аулада сәбиіммен серуендеп жүргенмін. Біз тұратын көпқабатты үйдегі терезелердің бірінен қаулай өскен көкті байқап қалдым. Жақын барғаным сол, кәдімгі күн сайын тұтынып жүрген қиярлардың балконда өсіп тұрмасы бар ма? “Е, бұл көршілеріміз Аян ағай мен Шарбану тәтеміздің пәтері ғой”, – дедім ішімнен.

ОНЛАЙН ФОРМАТ ОҢТАЙЛЫ

Халыққа қызмет көрсету орта­лығы жұмысының 80 пайызы он­лайн форматқа ауысты. Бұдан бы­лай тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 600-ден астамына электронды пор­тал арқылы қол жеткізуге бо­лады.

НЕСІБЕСІН ЖЕРДЕН ТЕРГЕН диқандар табысы телегей

Агроөнеркәсіп кешені – ел экономикасының негізгі тірегі. Аграрлық бағытқа басымдық беретін өңіріміз ауыл шаруашылығы өнімдерімен республикада ғана емес, шетелдерде де белгілі. Бұл ретте диқандардың, малшылардың, механизаторлардың, басқа да ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Сондықтан жылда қол жеткізген жетістіктерді баяндап, әріптестерге алғыс айтып, оларды төл мерекемен құттықтау сәтін асыға күтеміз.

ТЕҢГЕ ТӨРГЕ ШЫҚҚАН КҮН

Осыдан 27 жыл бұрын ұлттық валюта – теңге қаржы нарығында айналымға енді. Президент Жарлығымен 1997 жылдан бастап 15 қараша төл теңгеміздің туған күні әрі қаржыгерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленді. Теңгенің қолданысқа енгізілген сәті Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы ең айшықты парақтардың бірі және оның әр қазақстандық үшін маңызы зор екені сөзсіз. Облысымызда ұлттық валютаны айналымға енгізу …

ТЕҢГЕ ТӨРГЕ ШЫҚҚАН КҮН Read More »

БІР ТӘУЛІКТЕ — 35 АДАМ

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифинг қалалық емханалардың коронавирус инфекциясына орай жүргізіп жатқан шараларына арналды. Бұл жолы журналистердің сауалдарына №1 қалалық емхананың бас дәрігері Светлана Кашенцева жауап берді.

ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Үкіметтік емес ұйымдардың ІХ облыстық азаматтық форумы “Мемлекет және азаматтық қоғам: серіктестік пен ынтымақтастықтың 30 жылдығы” атты тақырыпта онлайн өтті. Форумға қатысушыларды республикалық азаматтық альянстың президенті Бану Нұрғазиева құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.

ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ҮШТЕН БІРІ — ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖАСТАР

Петропавл қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер “Nur Otan” партиясы мүшелері тізімінің үштен біріне жуығын әйелдер мен жастар құрап отыр. Олардың барлығы – праймериздің бірінші кезеңінің қатысушылары.

ОН АЙДАҒЫ ОҢ СЕРПІН

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айлары аралығындағы Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің шығыс-кіріс бөлігінің орындалуы қаралды.

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

11 қараша күні Талдықорғанда волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігі басталды. Содан бері жергілікті «Қуаныш» командасы жанкүйерлерін үш рет қуантты.