«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.11.2020

Мектептерде жаңа жылдық іс-шаралар өткізілмейді

Мектепке барып оқитын оқушылар үшін мектептерде жаңа жылдық іс-шаралар өткізілмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Ауру өршіп барады

Қарашаның 16-сындағы жағдай бойынша облыста короновирустық инфекция жұқтырған 5107 адам тіркелді. Оның 3238-і симптомды, 1869-ы симптомсыз.

Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының жаңадан тағайындалған Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады.

Жыл соңына дейін онлайн мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру мәселесі қаралды. Халыққа  мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндады.

Ауылдарда интернетті қамтамасыз ететін дүңгіршектер орнатылады

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 1200 ауылда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы дүңгіршектер орнатылатынын мәлімдеді.

12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер алғаш рет тестілеуден өтеді

23-27 қараша аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қызметкерлерді, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелердің директорларын, жұмыспен қамту орталықтарының директорларын, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілерін тестілеуден өткізеді. Жалпы алғанда 12 мыңнан астам адамды тестілеу жоспарлануда.

Еліміздегі халық саны 1,3% өсті

2020 жылғы 1 қазанға еліміздегі халық саны 18809,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар –11087,5 мың (58,9%), ауылдықтар – 7721,7 мың адамды (41,1%) құрады.

«Астана» атауы өзгереді

Қазақстандық «Astana Pro Team» вело­ко­мандасының атауы келесі жыл­дың 1 қаңтарынан бастап «Astana-Premier Tech» болып өзгереді. Бұл тура­лы «Са­мұрық-Қазына» АҚ баспасөз қыз­меті хабарлады.

«Динамодан» жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барыс» клубы өз айдынындағы матчтар серия­сын сәтсіз бастады. «Барыс Аренада» Минскінің «Динамосын» қабылдаған қазақстандық команда 1:4 есебімен жеңіліп қалды.