«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.11.2020

Депутаттар бастауыш сыныптарға жаңа пән енгізуді ұсынды

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Олардың айтуынша, азаматтардың өз құқықтарын қорғау мәселелерін толық білмеуі құқықтық тетіктерді қолдануға мүмкіндік бермейді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Nur Otan-ның» өңірлердегі сайлауалды штабтарын кімдер басқарады? 

Еліміздің барлық 17 өңірінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабтарының басшылары анықталды. Ақмола облысында өңірлік штабқа партияның облыстық филиалының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жетекшілік етеді. Өткен жылғы президент, 2016 жылғы Мәжіліс депутаттары мен мәслихаттар сайлауында ол облыстық штабты басқарды.

Шығын мөлшері – 600 мың теңге

Белгісіз адамдар Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Чернобаевка ауылының 37 жастағы тұрғынына 600 мың теңгеден астам шығын келтірген. 

КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ МҰҚИЯТ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ

Облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша аптаның әрбір сәрсенбі күні қабылдайды. Онда азаматтардың көтерген мәселесін өз құзыреті шегінде жылдам шешу үшін қабылдауға бөлініс басшылары қатысады.

ТҮНДЕ АДАСҚАН КЕЙУАНА

М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында түнгі кезекшілікте жүрген патрульдік полицейлерге сағат таңғы 4.00 шамасында елді мекендегі үйлердің бірінен белгісіз кейуананың есік қаққаны жайында хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына жетеді. Жұқа көйлек пен жалаң аяққа іле салған үй шәркейі ғана бар зейнеткер әйел түнгі аязда қатты тоңған екен. Өзінің кім екенін, қайдан жүргенін айтатын …

ТҮНДЕ АДАСҚАН КЕЙУАНА Read More »

79 НАУҚАС ТІРКЕЛДІ

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте облыс аумағында короновирустық инфекцияның 79 жағдайы тіркелді. Соның ішінде 62 жағдайдың ауру белгілері бар және 17-сінің ауру белгілері жоқ.

Бельгер бейнесі – ел жүрегінде

«Қазақтың қуанышы – менің қуанышым» деп өткен қабырғалы қаламгер, көрнекті аудармашы Герольд Бельгер ақтық демі қалғанша әдебиетке деген адалдығынан танған жоқ. «Ұлтым неміс болса да, қазақтың жанын бір кісідей түсінем» дейтін жазушыны қазақ халқы да жүрегінде әлдиледі. Өмірден көшсе де, көңілден өшпейтін із қалдырған тұғырлы тұлғаның Алматыдағы 40 жыл бойы тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта …

Бельгер бейнесі – ел жүрегінде Read More »

Бүгін “Пеленің күні”

Осыдан дәл 51 жыл бұрын, яғни 1969 жылдың 19 қарашасында Бразилияның даңқты футболшысы Пеле өзінің спорттық карьерасындағы 1 000-шы голын соқты.

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы бейнеконференция форматында өтті. Жиын барысында коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстандағы экономикалық, инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру, сондай-ақ, еліміздің мұнай-газ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және дамыту мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.