«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.11.2020

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға маманданды­рылған облыстық гимназия-интернатында жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалім­дері зертханасының іргетасын есімі өңірімізге танымал ұлағатты ұстаз Әлия Малдыбаева қалаған болатын. Оқу бағдарламасы жаңартылған мазмұндағы үлгілік негізде түзіліп, ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. 2017 жылдан бастап жаңартылған бағдарламаның кезең-кезеңмен енгізілуіне байланысты зертхана­ның құрамы да, мақсаты да өзгертілді. Пәндік курстардан …

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС – УАҚЫТ ТАЛАБЫ Read More »

Еңбек өтіліміз – төрт ғасыр

Әулетіміз жайлы сөз бола қалса, әкеміз Виктор Акимовичті қимас се­зіммен еске аламыз. Тумысынан өте еңбекқор еді. 2016 жылы 90-нан асқан шағында дүниеден өтті. Қа­шан көзі жұмылғанша мектептен қол үзген жоқ. Ол өзі жұмыс істеген ауылда мектеп музейінің негізін қалағанын жұртшылық жақсы біледі. Туған жері – Ақмола өңірі. Соғыстан кейін педучилищеге түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын …

Еңбек өтіліміз – төрт ғасыр Read More »

ШЫҒЫСТАН ШЫҚҚАН ДАНЫШПАН

Шығыстың әйгілі ойшылы, философ, математик, физик, астроном, лингвист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын саласындағы Фараб шаhарында (қазір Түркістан облысы Отырар ауданы) дүниеге келген. Ғұламаның толық аты – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің …

ШЫҒЫСТАН ШЫҚҚАН ДАНЫШПАН Read More »

Қоржында – сегіз жүлде

Ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында жаратылыстану-математика пәндері бойынша онлайн-режімде халықаралық олимпиада өтті.

ЕҢБЕКАҚЫ ӨСЕДІ

Елімізде балалардың оқуға құштарлығын арттыру мақсатында жол картасы әзірленді. Оның негізгі бағыттарының бірі – мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру. “Оқулық” ғылыми-практикалық орталығы басшылығының айтуынша, мектеп кітапханаларының қорында 200 миллионнан аса әдебиет бар. Бірақ олардың 20-30 пайызы жарамсыз. Соған байланысты мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен толықтыру мәселесі қолға алынып отыр.

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКТІҢ ҚАЙТАРЫМЫ

Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бас­тап сәби жүрекке ерекше жылылық нұрын себетін мұғалімнің есімі мәңгі ұмытылмасы, аяулы тұлғасы көз алдыңда жатталып қалатыны анық. Мәртебелі мамандық иесі несімен қадірлі дейтін болсақ, алғаш әріп танытып, білім дәнін себуімен, өмірдің сан қилы құбылыстарының тылсым сырларына үйретуімен, шәкіртінің қашан топшысы қатайып, қанаттанып ұшқанша қамқор қолын созуымен ерекше қымбат дер едік. …

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКТІҢ ҚАЙТАРЫМЫ Read More »

КОМПЬЮТЕР ЖЕТКІЛІКТІ

Ақжар ауданының оқушыла­ры қашықтан оқытуға арналған қа­жетті компьютерлік техникалармен және планшеттермен то­лық қамтамасыз етілді. Талшық ауылдық округі “Ақ ниет” бас­тауыш партия ұйымында қолжетімді және сапалы білім беру мәселесі талқыланып, қа­шықтықтан оқыту жайына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, сапалы интернет байланысы да назардан тыс қалмады.

ВИРТУАЛДЫ МЕКТЕП ЖАСАДЫ

Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары өз білім ордаларының виртуалды көшірмесін жасап шығарды.

“АДАЛ ҰРПАҚ” СЛЕТІ

“Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубтарының өңірлік онлайн-слеті өтті. Оған барлық аудандар мен Петропавл қаласының белсенді жастары қатысты.

САТЫП АЛУДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР

Өткен жылы облыста тіркелген 104 сыбайлас жемқорлық фактісінің 11-і мемлекеттік сатып алулар саласында орын алса, биыл осындай қылмыс саны 25-ке жетіп отыр. Бұл жайлы облыс әкімінің орынбасары Иван Турковтың қатысуымен өткен онлайн кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазин мәлімдеді. “Zoom” арқылы ұйымдастырылған жиынға жергілікті атқарушы органдардың басшылары да қатысты.

Сақтандыру ісі нәтижелі

Облыстық әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев қатысқан жиында міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу жайы сөз болып, өңірлік штабтың хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ, ЗОР МІНДЕТТЕР

Бүгіндері елімізде білім саласына, ұстаздар қауымының қоғамдағы абырой-беделінің артуына, жас ұрпақтың елжанды, отансүйгіш болып қалыптасуына ерекше назар аударылуда. “Педагог мәртебесі туралы” Заңның қабылданғаны, осылайша болашақтың бағбандарын тәрбиелеп отырған ұлағатты жандардың еңбегіне берілген баға сөзіміздің дәлелі іспеттес. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы саналатын “Soltústik Qazaqstan” газеті де алғашқы саны жарық көрген күннен бастап ел ертеңдерін үкілеп отырған мұғалімдерге, …

ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ, ЗОР МІНДЕТТЕР Read More »

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

Облыс орталығында көп жылдар бойы үй кезегінде тұрған екі жүзге жуық отбасы баспаналы болды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов екі көпқабатты жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйде болып, бақытқа бөленген қала тұрғындарын қоныстойларымен құттықтады.

ҮКІЛЕП ҚОСҚАН ҮМІТТЕРІМІЗ

19 қараша күні Алматы қаласында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Алғаш рет көрермендердің қатысуынсыз өтетін бәсекеге еліміздің барлық аймағынан үздік балуандар қатысуда. Бұл додада біздің де жерлес­теріміз сынға түсуде.

ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кі­тапхана өз оқырмандарына халқымыздың ұлттық құндылық­тары мен дәстүрлері жайында ақпарат беру мақсатында түрлі библиографиялық шолу жүргізеді. Осы жолы біз халқымыздың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдары жайында ақпарат беруді жөн санадық.

Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті.

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ЖҮРЕК

   Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ақиық ақын Мағжан Жұмабаевқа арналған «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» тақырыбында онлайн экскурссия өтуде. Онда экскурссия жүргізушілері қала тұрғындары мен қонақтарына жерлес қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында баяндап, ақынның бүгінгі күнге дейінгі сақталған жеке заттарымен және құжаттарымен таныстыруда.

Қазақстанда 5 жасқа дейінгі әрбір оныншы бала семіздікке шалдыққан

Мұндай мәліметтерді БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшылары айтты. Қазақстанда балалардың тамақтануы саласындағы жағдай алаңдаушылық туғызады, өйткені ДДҰ-ның балалар семіздігін қадағалау жөніндегі Еуропалық бастамасы (COSI) аясында жүргізілген зерттеу деректері бойынша, 2016 жылы артық салмағы бар балалар саны өсті. Қазақстанда 9 жастағы әрбір бесінші бала семіздіктен зардап шегеді.

Сотталса да, рөлден айрылмаған

Шал ақын аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция қызметкерлері далалы жолда Сухорабовка ауылының  30 жастағы тұрғынын удай мас болып, рөлге отырғанында ұстады.