«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.11.2020

Бостандықта өткен күнді сағындым…

Терлемей табыс табамын деп, теріс жолға түсіп жатқан жас­тар қаншама?! Біреудің ала жібін аттаған олар ақырында абақтыға қамалып, сан соғуда. Сондай пасықтық салдарынан сотталған мен де арамның адымы қысқа екенін кеш түсіндім. Сондықтан өкінішке толы өмірім жастарға сабақ болса деймін.

МҰЗ АЙДЫНЫНДА – ЖАСТАР

Өңірімізде жастардан жасақталған “Құлагер” хоккей клубы бар екенін біреу білсе, біреу білмес. 2018 жылы құрылған команда аға буыннан қалмай, мұз айдынында шеберліктерін көрсетуге барын салып келеді.

Ыстық маған сол сәттер

“Туған жердің түтіні де тәтті” де­ген рас-ау. Шалғайда жүргендіктен болар, жұпар исі аңқыған ауылымды жиі ойлаймын.

Бейпіл сөзі көп бейнероликтер

Жақында “ҮouTube” бейнехостин­гін тамашалап, жырқ-жырқ күліп отырған інімнің үстінен түстім. Байқасам, көріп отырғаны “Қайрат болма, адам бол!” атты сериал екен. Адамдыққа шақырған атауы көңілімнен шыққан соң мен де көгілдір экранға назарымды салдым. Дегенмен, сәлден кейін бекер қарадым-ау деп өкініп қалдым. Өйткені, бұл сериал оқуын жалғастырмай, ауылда қалған маскүнем жігіттер жайында екен. Араққа сылқия тойып, әдепсіздік …

Бейпіл сөзі көп бейнероликтер Read More »

ПОЛЬШАДА БІЛІМІН ШЫҢДАДЫ

Бүгінде елімізде жастардың шетелге шығып, сапалы білім алуы үшін мүмкіндіктер телегей. Әсіресе, академиялық ұтқырлық бағдарламасының пайдалы тұстары аз емес. Дәл осы бағдарламамен оқу мүмкіндігі курстасым Жанна Бисеноваға бұйырды.

Арманы асқақ Асанәлі

“Домбыра, сен туралы Талай жаздым мен мына. Күйді ұқпаған кісілер Сөзді ұға ма, өзің айтшы, домбы­ра?!” – деп дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай, өңірімізде атадан балаға жеткен күй өнерінің қадірін жете бағалайтын жасөспірімдер аз емес. Сондай талапты өрендердің бірі – өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің 1-курс студенті Асанәлі Ораз.

Ерұлан ҚАНАПИЯНОВ

Ерұлан Мұсаханұлы – сазгер, Қа­зақстан Сазгерлер одағының мүшесі. Ол 1958 жылы 15 желтоқсанда Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында дүниеге келген.

ТАЛАПТЫҢ АТЫ АРЫНДАП…

Абайдың жастық шақ туралы өлеңдері аз емес. Олар қымбат дәуреннің әр сәтін ұтымды пайдалануға ұмтылдырады. Мәселен, “Жастықтың оты жалындап” атты өлеңінде ақын жастық кездің қайта келмейтіндігін атап көрсетеді.

ИНТЕРНЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС

«Транстелеком» акционерлік қоғамы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Талшықты-оптикалық бай­ланыс желісінің техноло­гия­сы бойынша Қазақстан Респуб­ли­касының ауылдық елді ме­кен­де­рінің кеңжолақты байла­нысқа қолжетімділігін қамтама­сыз ету» жобасын жүзеге асыру­да мемлекеттің әріптесі ретінде жұмыс істейді.

Тікелей эфир арқылы жедел жағдайды баяндады

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Instagram» және «Facebook»-тың тікелей эфирінде онлайн-брифинг өткізді. Тәртіп сақшылары желі қолданушыларын өткен аптағы жұмыстың қорытындысымен таныстырып, атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып, желі арқылы түскен сұрақтарға жауап берді.

БАЛАЛАР ЖАҒДАЙЫ — ЖІТІ НАЗАРДА

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында төрт тәрбиеленуші көз жұмып, Түркістан өңірінде орналасқан дәл осындай мекемеде бірқатар құқық бұзушылық фактілері орын алған болатын. Осы жағдайларға жол бермеу мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жетекшілігімен жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық департаменттер еліміздегі барлық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету …

БАЛАЛАР ЖАҒДАЙЫ — ЖІТІ НАЗАРДА Read More »

ҰҚЫПТЫЛЫҚ ПЕН ҮНЕМДІЛІК — НЕГІЗГІ ТАЛАП

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты биылғы Жолдауы алдымызда тұрған міндеттер мен жауапкершілікті одан әрі еселей түсті. Жылдың басты құжаты экономиканың әрі қарай өркендеуіне, атап айтқанда, көліктік, энергетикалық, шағын және орта бизнес, өнеркәсіп әлеуетін күшейтуге бағытталған.

ТӘРБИЕНІҢ ҚҰРАЛЫ

Баланың ой-өрісін дамытып, қиялдарына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Ал ұстаз кітап, газет оқымаса, қайтіп шәкірт тәрбиелейді? Бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі екенін ескерсек, газет сол тәрбиенің құралы екенін ұжымға үнемі айтып отырамын. Биыл да тағылымға толы абыз басылымға ұжым болып жазылдық. 

ТАРИХИ ЖӘДІГЕР

Қазақ халқының ардақты перзенті, “Алаш” қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхан “Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет – жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет – халыққа білім таратушы; төртінші: газет – халықтың жоқтаушысы”, деп айтқан еді. Ұлы тұлғаның бұл ғибратты сөзі бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

ОТАНДЫҚ ВАГОН — ОЗЫҚ ӨНДІРІС

Аздаған үзілістен кейін “ЗИКСТО” АҚ-ы өз жұмысын қайта жандандырып, өнім өндіру көлемін 8 млрд. теңгеге дейін жеткізді. Мұнда еліміз үшін аса қажетті вагон құрастырылады. Қазіргі уақытта зауыт басшылығы “Қазақстан темір жолы” ҰК” акционерлік қоғамымен 45 млрд. теңгенің екі мың вагон-платформасын шығару жөнінде келісімшартқа отырды. 250 адам жұмысқа алынып, жұмысшылардың еңбекақысы 20 пайызға өсіріледі.

Пневмониядан бір тәулікте 4 адам көз жұмды

25 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды. Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 204 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді.