«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.11.2020

ЖЕРЛЕСІМІЗ – ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРІ

Петропавл қаласындағы Назар­баев зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Дина Құдабаева “Қазақстан мұғалімі – 2020” ұлттық сыйлығының иегері атанды. Жерлесімізге бұл марапат Алматыдағы Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында өткен салтанатты жиында табысталды. Global Edu­cation and Skills Forum шарасына әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық мемлекет және қоғам қайраткерлері, бизнесмендер, мұғалімдер мен филантроптар қатысып, білім са­ласындағы ынтымақтастықты нығайтып, өзекті …

ЖЕРЛЕСІМІЗ – ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРІ Read More »

ҚАРИДАН ҚАЛҒАН ҚҰНДЫ МҰРА

  Ел арасынан небір құнды жәдігер­лерді жинақтап, сақтап, өскелең ұрпаққа насихаттау аса маңызды. Музейде сақталған әр зат өлкеміздің өткенінен сыр шертеді. Осы орайда, жуырда “Музейге сый” акциясының аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайына есімі өңірімізге белгілі Ғабдолбәри қаридан қалған жәдігерлер табысталды. Құнды заттарды асылдың тұяғы Жапар Төлегенов тарту етті. Шараға “Тұғырыл хан” халықаралық қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды.

Желтоқсан-қаңтарда қатаң карантин енгізілуі мүмкін бе – министр Цойдың жауабы

Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бұл сұрақ Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойылды.

МАРАДОНА — ЖАНКҮЙЕР ЖҮРЕГІНДЕ

25 қараша күні әлемге әйгілі футболшы Диего Армандо Марадона қайтыс болды. Көптеген атақ-даңқтың иегері, есімі футбол королі – Пелемен қатар аталатын 60 жастағы аргентиналық жұлдыз ұзақ жылдар бойы жасыл алаңда жасындай жарқырап, барша жанкүйерді асқан шеберлігімен тәнті еткен болатын. Теңбіл доптың теңдессіз шебері, Аргентинаның ерке ұлы жайында біз не білеміз? Бүгінгі мақаламызда Марадонаның жүріп өткен …

МАРАДОНА — ЖАНКҮЙЕР ЖҮРЕГІНДЕ Read More »

БАНК ҒИМАРАТЫ ЕМХАНАҒА БЕРІЛДІ

Сот шешімімен облыс орталығында екі ғимарат тәркіленіп, жергілікті коммуналдық меншіктің қарамағына берілді. Бұған дейін оның біреуінде банк филиалы, кейін балалар орталығы орналасса, екіншісі “Айналайын” дәмханасы болған.

“АУЫЛҒА БАРАМ, БӘРІ ДЕ ТУЫС ЕЛ ЖАҚТА…”

Жастары алпысты алқымдап қалған бір топ тумалар аңызды ауыл – Айсарыға, алғаш білім нәрін алған мектебіне тағзым ете келді. Бастаушы – Қажымұрат Темірханов, қостаушылар – Ақан Малаев пен Асылбек Ыбыраев. Жастайынан құлын-тайдай тебісіп өскен достардың бір-біріне деген ілтипаты, сыйластығы, кіршіксіз көңілдері қандай десеңізші?! Бір ауылдан түлеп ұшқан алғыр жастардың бүгінде самайларын ақ қырау шалыпты.

ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЕСЕБІ ТҮГЕЛ

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты адамдарды еңбек күші мол өңірлерден көшіріп әкеліп, теріскейге түпкілікті орнықтыру. Осы мәселенің жайын білмек болып, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрболат Ғалымовты әңгімеге тартқан едік.

БІЛІММЕНЕН ҚАЛАНҒАН ӘР КІРПІШІ

Атауы сан мәрте өзгерсе де, білікті педагог кадрларын әзірлеу секілді басты ұстанымынан айнымаған, өңірдегі кәсіптік, гуманитарлық білім беру мекемелері арасында қарашаңырақ, көшбасшы саналатын байырғы оқу орындарының бірі – Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж екені даусыз. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастау алатын оқу орнының тарихы ерен еңбектерімен елге танымал тұлғалардың есімдерімен, шығармашылық қызметтерімен тығыз сабақтас. Колледжге …

БІЛІММЕНЕН ҚАЛАНҒАН ӘР КІРПІШІ Read More »

ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ ПАРА ҮШІН СОТТАЛДЫ

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі Арықбалық филиалының директоры Леонид Ларионовқа 20 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы «Antıkor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің бастығы Ернар Баянғазин хабарлады.

АУРУДЫҢ ТАРАЛУЫ ЖАҒЫНАН – ЕКІНШІ ОРЫНДАМЫЗ

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустық инфекция өршіп тұрған өңірлердің біріне жатады. Мәселен, өткен бір тәуліктің ішінде облыста 117 адам қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. Соның ішінде 61 адамның бойында ауру белгілері бар, 56-сының ауру белгілері жоқ. Салыстырмалы түрде айтсақ, Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Нұр-Сұлтан қаласында – 71, Алматы қаласында – 74, …

АУРУДЫҢ ТАРАЛУЫ ЖАҒЫНАН – ЕКІНШІ ОРЫНДАМЫЗ Read More »

Жыл басынан бері 1,5 мың шетелдік жұмыс істеуге рұқсат алған

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан еңбек мигранттарына 1,5 мың рұқсат ресімделді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта облыс аумағында 100 еңбек мигранты тіркелген. 

Елбасы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрына барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды. Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев астана көшкелі қалада қазақ драма театрына жаңа зәулім ғимарат салып беруді ойластырғанын атап өтті.