«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.12.2020

Алаяқтың құрбаны болған кәсіпкер

Қараша айының соңында зығыр сатып алатыны туралы хабарландыру берген Ақмола облысының кәсіпкері алаяқтың құрбанына айналды. Бұл қылмыс жан-жақты жоспарланған болып шықты. Аферист «тауардың» сапасына кәсіпкердің көзін жеткізу үшін  талдауға берген зығырдың үлгісін алдын ала әзірлеп қойған екен. Содан кейін «КамАЗ» автомашиналарын жалдап, Есіл ауданындағы ЖШС-дің біріне келісілген уақытта келулерін сұраған. Қаскөйдің шақыруы бойынша сол жерге …

Алаяқтың құрбаны болған кәсіпкер Read More »

ҚЫЗУЫ КӨМІРДЕН ЕШ КЕМ ЕМЕС биоқазандық орнатудың пайдасы шаш етектен

Судың да сұрауы бар. Қазіргі таңда көпшілікті энергетикалық шикізат көздерінің жетімсіздігі, олардың бағасының жылдан-жылға қымбаттауы алаңдатып отыр. Сондықтан соңғы жылдары өркениетті елдер жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бағытына қадам жасауда. Басты мақсат – мұнай, газ және көмір сияқты қазба байлықтарды үнемдеп, оны баламалы энергия көздерімен алмастыру. Мұның бір жолы – сабанмен жағылатын биоқазандықтар орнату десек, көп …

ҚЫЗУЫ КӨМІРДЕН ЕШ КЕМ ЕМЕС биоқазандық орнатудың пайдасы шаш етектен Read More »

“Алғыстың” наны

Тамақ өнімдерінің ішінде нан әр кез үлкен сұранысқа ие. Осы жағын ескерді ме екен, Нұрым мен Райхан Төребековтер Карасевка ауылында отбасылық жаңа нау­байхана ашып, оған “Алғыс” деген ат қойды.

БАЛАЛАРҒА КӨМЕГІ КӨП

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған кабинет ашты. Дамыту орталығы Даун синдромы, сөйлеу қабілетінің тежелуі, тірек-қимыл аппараттары қызметінің бұзылуы диагноздары қойылған жеткіншектерге арналған. Жаңа орталық “DIGITAL URPAQ” оқушылар сарайында жұмыс істейтін болады. Оның ашылу салтанатына “Назарбаев зияткерлік мектептері” ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова, облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова, …

БАЛАЛАРҒА КӨМЕГІ КӨП Read More »

ПРЕЗИДЕНТТІК ШЫРША — ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА

Биылғы Жаңа жыл бұрынғыдан өзгерек. Пандемияға байланысты дәстүрлі Президенттік шырша онлайн форматта өтіп, облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі балақайларды мерекемен қашықтан құттықтады. Ал Аяз ата мен Ақшақар өнерлі өрендердің үйіне барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлықтар үлестірді.

Биоэтанол цехы іске қосылды

Ұзақ уақыт тоқтап тұрған “Bio Operations” зауытында биоэтанол цехы іске қосылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тайынша ауданына сапары барысында кәсіпорында болып, нысанның жұмысымен танысты.

Басылым ажары — оқырман

Әкемнің туған ағасы Қанаш Шәкенұлы елімізге белгілі азаматтардың бірі еді. Қазақтардың арасынан тұңғыш рет 1969 жылы Петропавл педагогикалық институтына ректор болып тағайындалып, 1988 жылға дейін табан аудармастан 19 жыл басшылық етті. Осы кезеңде еңселі оқу орнында қазақ студеттері мен оқытушыларының саны әжептәуір көбейді. Ағамыздың ұйымдастырушылық қарым-қабілетімен қоса ұлтжандылық болмысы да бөлекше-тұғын. Облыстық ақсақалдар алқасының, “Қазақ …

Басылым ажары — оқырман Read More »

НАЗАРДА — ЖҰМЫСШЫ КЕНТІ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев Петропавл қаласының Жұмысшы кентінде орналасқан №5 учаскелік полиция пунктінде азаматтарды қабылдады.

Салғырттық себеп

Өткен аптада өңірімізде 24 өрт оқиғасы орын алып, 2 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен кезекті баспасөз мәслихатында ведомство бастығының орынбасары Орал Әбдірахманов мәлімдеді.

Шаруашылық басшысы қазандықты жөндеп берді

 Алқатерек– іргелі қазақ ауылдардың бірі. Қанша экономикалық қиындықты өткерсе де, іргесі сөгілген жоқ. Қазір 150- дей үй бар. Әр отбасы төрт түлік өсірумен айналысады. Барлық әлеуметтік, мәдени нысандар істеп тұр. Мектебіміздің де еңсесі биік. Сыныптарды, даярлық топтары мен балабақшаны қосқанда 108 бала тәрбиеленеді.

Заманауи стационарлық бекеттер

Полицияның кешенді күштерінің 2020 жылдың соңғы гарнизондық таратуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Өңір басшысы облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевпен бірге қызметтік автокөліктерді аралап, облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтауға кезекшілікке шығатын жеке құрамға сәттілік тіледі.