«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Алғыстың” наны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тамақ өнімдерінің ішінде нан әр кез үлкен сұранысқа ие. Осы жағын ескерді ме екен, Нұрым мен Райхан Төребековтер Карасевка ауылында отбасылық жаңа нау­байхана ашып, оған “Алғыс” деген ат қойды.

Аудан­дық кәсіпкерлік және туризм бөлі­мінің бас­шысы Аманбек Махметов пен ауыл­дың ақ­сақалы Әшкентай Төребеков нан өнім­дерін пісіретін жаңа нысанды іске қосып, сәттілік тіледі. Округ әкімі Жақсылық Беркім­байдың айтуынша, елді мекен экономика­лық жағы­нан дамып, тұрғындардың әлеу­мет­тік жағ­дайы жақсарып келеді.

Кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Нұрым мен Райхан алдымен иесіз қалған ғимаратты кәсіп көзіне айналдыруға бел буған. Олар бұ­ған дейін Көкшетау қаласында тәтті тоқаш­тар пісірумен айналысқан. Алматы қаласын­да да “Көкше” нан-тоқаштарын пісіретін от­басылық кәсіпорны жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта ауылдың 5 тұрғыны тұрақ­ты жұмыспен қамтамасыз етілген. Нан өнім­дері әзірге ауданның 10 елді мекеніне жө­нелтіледі. Жоғары сұрыпты бидайдан пісі­рілетін нан 95 теңгеден сатылады. Тоқаш­тардың 10 түрі пісіріледі. Олардың бағасы да қолжетімді.

Келешекте тапсырыс арқылы пицца, хот-дог дайындалмақ. Тәтті торттар әзірлеуге үй­рететін мамандар шақырылмақ.

Бағлан ҚОЖАҚОВ.

Суретті түсірген автор.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp