«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.12.2020

228 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛМЕК

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Кенжебай Қашаев Уәлиханов ауданындағы Көктерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Бескөлдегі экспромт кездесу

Халық қалаулылары қатарынан көрінгісі келетін азаматтардың тұрғындармен кездесу шаралары жалғасын табуда. Осы жолы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Геннадий Зенченко, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ерлан Тоқшылық пен Елена Левина Қызылжар ауданында болып, алдағы сайлау жайында сөз қозғады.

БИЗНЕСКЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

“Nur Otan” партиясы Ақжар ауданы тұрғындарының еңбекақысын 34 пайызға көтеруге уәде етеді. Табысты арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аталмыш ауданның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі міндеттердің бірі. Еліміздің бас партиясының өкілдері ауданға ат басын тіреп, бұл бағытта атқарылатын нақты жұмыстар қалайша өрбитінін атап өтті.

ОЙҚАЛА МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ МҮДДЕЛІ

Облыс орталығында сайлауалды жұмыстар қызу жалғасуда. “Nur Otan” партиясы атынан депутаттыққа кандидат жерлестеріміз Дмитрий Колода, Владимир Бубенко мен Ирина Эктова Ойқала шағынауданының тұрғындарымен кездесті.

Әр дауыс — маңызды

“Nur Otan” партиясы тұрғындар өмірінің сапасын арттыру, ауызсумен қамтамасыз ету, осызаманғы коммуникация мен жол салу мәселелерін шешуді назарға алып отыр. Ақжар ауданында өткен кездесуде кандидаттар осы жайттарға тоқталып, тұрғындарды басты партия үшін дауыс беруге үгіттеді.