“Nur Otan” партиясы Ақжар ауданы тұрғындарының еңбекақысын 34 пайызға көтеруге уәде етеді. Табысты арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аталмыш ауданның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі міндеттердің бірі. Еліміздің бас партиясының өкілдері ауданға ат басын тіреп, бұл бағытта атқарылатын нақты жұмыстар қалайша өрбитінін атап өтті.
Парламент Мәжілісі және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Есжан Оразалин, Әсем Рахметова мен Орынбасар Ысқақова Ақжарқын ауылының тұрғындарымен кездесу барысында жеті басты бағыт туралы әңгімеледі. Олардың қатарында шағын және орта бизнесті дамыту да бар. Мысалы, кандидаттардың айтуынша, “Бастау бизнес” жобасы бойынша жыл сайын 80 азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша білімдерін толықтыра алады. 25 грант пен шағын несиелендіру шаралары жүргізіледі. Осындай мүмкіндіктердің арқасында 2025 жылға дейін Ақжар ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге аспақ.
– Осы және өзге де шаралар еңбекақыны өсіруге, 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл бос сөз емес. Өмір сапасын жақсарту жолындағы жоспарды жүзеге асыру үшін “Nur Otan” партиясы сіздердің қолдауларыңызды күтеді. 10 қаңтар күні сайлауға келіп, бізге дауыс берулеріңізді сұраймыз, – деді кандидаттар бірауыздан.
“Nur Otan” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау қоры қаражатынан төленді.