«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЙҚАЛА МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ МҮДДЕЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында сайлауалды жұмыстар қызу жалғасуда. “Nur Otan” партиясы атынан депутаттыққа кандидат жерлестеріміз Дмитрий Колода, Владимир Бубенко мен Ирина Эктова Ойқала шағынауданының тұрғындарымен кездесті.

– Біз 2025 жылға қарай “Бір терезе” қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің көлемін 90 пайызға жеткізуге мүдделіміз. Осызаманғы технологиялардың көмегімен мемлекеттік қызметтердің толықтай автоматтандырылған жүйеге ауыстырылуын көздейміз. Олардың барлығының сапасы мен қолжетімділігін бақылайтын партиялық және қоғамдық мониторинг жүргізіледі. “Nur Otan” партиясы ашық талқылау үшін орта құрып, өңір тұрғындарының мәселелерін шешуге талпынатын басты партия болып қала береді, – деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Владимир Бубенко.

Кездесуге келген тұрғындар мүмкіндікті пайдаланып, шағынаудан мәселелерін жайып салды. Олардың айтуынша, бұл жерге дәрігерлік амбулатория аса қажет. Өйткені, ауданда тұратын егде жастағы азаматтардың қатары қалың.

Жиналғандар Ойқаладағы негізгі көшеге жылдамдықты анықтайтын бейнекамераларды орнату қажеттігін де алға тартты. Тұрғындар жол ережесін елемейтіндерден әбден шаршаған. Әсіресе, қараңғы түскен кезде басты көшемен жылдамдықты асыра жүйткитіндер көп. Кандидат Дмитрий Колода бұл мәселелерді бақылауға алатын болды. “Алдағы уақытта қала көшелерінде 600-дей бейнекамера орнатылады. Олар онлайн режімде тікелей учаскелік полиция пункттеріне қосылады. Бұған қоса, облысымыздың барлық аумағында 2 мың жарық шамдары қойылады. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тұрғындарды тарту жоспарланған. Қоғамдық көмекшілер қатарын 700-ге дейін жеткізу көзделген”, – дейді Дмитрий Колода.

“Nur Otan”  партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық  сайлау қоры қаражатынан төленді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp