«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

228 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Кенжебай Қашаев Уәлиханов ауданындағы Көктерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кандидат өз сөзінде әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне тоқталып, оларды шешу жолдарын атап өтті. Айтуынша, аудандағы барлық елді мекендерде сапалы жол мен қолайлы инфрақұрылым болуы тиіс. “Nur Otan” партиясы кентішілік және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешуге атсалыспақ. Осы орайда алдағы уақытта мынадай жұмыстар жүргізілмек. Өндіріс – Жұмысшы – Мырзағұл, Көктерек – Тоспа – Жасқайрат – Қайрат, Қулыкөл – Қаратал бағыттарындағы жол жөнделмек. Сонымен қатар алда Қаратал, Көбенсай және Қондыбай ауылдарына қатынайтын кірме жолдарды, жалпы ұзындығы 150 километр Кішкенекөл, Бидайық, Ақтүйесай, Ақбұлақ елді мекендерінің ішкі көшелерін қалпына келтіру жұмысы тұр. Батыс-Сібір бағытындағы “Қызылту – Граничная – Русская Поляна (РФ) темір жол учаскесін жөндеу де жұмыс жоспарына енгізілген. Аталмыш шаралардың нәтижесінде барлығы 228 километрге созылған жолдардың жағдайы жақсармақ.

Кенжебай Қашаев ауыл тұрғындары үшін аса маңызды ауызсу мәселесін шешуге мүдделі екенін атап өтті. Бүгінгі күні аудан тұрғындарының 95,2 пайызы сапалы ауызсумен қамтамасыз етілген. “Nur Otan” партиясы бұл жұмысты 100 пайызға жеткізбекші. Кандидаттар Қулыкөл, Қаратал ауылдарындағы ауызсумен қамту жүйесінің және тағы да басқа 6 елді мекендегі су торабының құрылысын жүргізуге жәрдемдесуді қолға алмақ. Нәтижесінде бұл аталған ауылдардың тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылады.

“Nur Otan”  партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық  сайлау қоры қаражатынан төленді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp