“Nur Otan” партиясы тұрғындар өмірінің сапасын арттыру, ауызсумен қамтамасыз ету, осызаманғы коммуникация мен жол салу мәселелерін шешуді назарға алып отыр. Ақжар ауданында өткен кездесуде кандидаттар осы жайттарға тоқталып, тұрғындарды басты партия үшін дауыс беруге үгіттеді.
– Жол және көлік инфрақұрылымын, жалпы алғанда, тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағыттағы жұмыстарымызбен таныстыру мақсатында “Есіктен – есікке” акциясы барысында сіздермен жолығып, партиямыздың болашақтағы жоспарымен бөлісуге келіп тұрмыз, – деп тұрғындар алдында сөз бастаған кандидаттар нақты нендей мәселелерді шешуге атсалысатындарына тоқталды. Парламент Мәжілісі және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Есжан Оразалин, Әсем Рахметова мен Орынбасар Ысқақова тұрғындарды сайлауға қатысуға үгіттеп, өз жоспарларымен де бөлісті.
Олар ауданның құрметті азаматтарының шаңырақтарында болып, жол жөндеу мәселесін кеңінен қозғады. “254 шақырымға созылған аудандық маңыздағы жолдардың жөнделуін талап ететін боламыз. Бұған қоса негізгі төрт елді мекендегі ішкі жолдардың қалпына келтірілуін сұраймыз”, – деді Орынбасар Ысқақова.
“Nur Otan” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау қоры қаражатынан төленді.