«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аудан ахуалымен танысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишимка ауылында болды.

Алдымен өңір басшысы 7 тұрғын үйдің құрылысы барысымен танысты. Құрылысқа 98 млн. теңге инвестиция бөлген “Ишим-Гарант” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа үйлерге өз жұмысшыларын орналастырмақ. Қызу жұмысқа сәттілік тілеген Құмар Ақсақалов соңғы жылдары өңіріміздің елді мекендерінде құрылыс жандана түскенін жеткізді. Соңғы үш жылда құрылыс көлемі 2 есе өсіп, тұрғызылған үйлердің жалпы ауданы 108 мың шаршы метрге жеткен. Мысалы, өткен жылы ауылды жерлерде 428 тұрғын үй бой көтерсе, биыл 800-ге жуық үй пайдалануға берілмек. Оның 150-ін агроқұрылым басшылары өз жұмысшылары үшін салуда. Ауылдарда үйлерді салу әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге әсер етуде. Мәселен, өңірде медицина және ауыл шаруашылығы кадрларының тапшылығы төмендеп, мұғалімдердің жетіспеушілігі шешімін тапты.

Бұдан соң Құмар Ақсақалов “Sunqar” атты жаңа жабық хоккей кортының ашылу рәсіміне қатысты. Облыстық спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов атап өткендей, нысан құрылысына 72,9 млн. теңге қаржы бөлінген. Соның арқасында алдағы уақытта жас спортшыларды жарыстарға даярлау мүмкіндігі туып отыр.

Өңірімізде жабық хоккей корттарын салу мәселесі оңтайлы шешімін табуда. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жеткіншек бос уақыттарында хоккей ойнайды.

– Биыл облысымыздың 5 аудан орталығында жабық хоккей корты салынуда. Жыл соңына дейін мұндай нысан Мамлютка қаласында ашылады. Келер жылдың қаңтар айында Булаево қаласы мен Тимирязев ауылында хоккей корттары пайдалануға беріледі. Ал 2021 жылы бюджет есебінен тағы 7 жабық хоккей кортын салу жоспарланған. Бұлар шайбалы хоккей спортына тағы 300 адамды тартуға мүмкіндік береді. Жалпы, әр ауданда стадион жанынан хоккей корты мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуы керек. Яғни, сол жер “кіші олимпиада ауылына” айналуы тиіс. Келесі жылы бұл кешендерде футбол, хоккей, баскетбол және волейболдан тұрақты чемпионаттар өткізетін боламыз, – деді Құмар Іргебайұлы.

Қазір облыста балалар спортын дамытуға ден қойылып отыр. Легионерлерді азайтып, өз спортшыларымызды тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл мақсатта биыл аудандарда 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Аталмыш нысандар спорт жарыстарының орталықтарына айналмақ.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp