«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір күнде — 57 науқас

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Желтоқсанның 27-сі күнгі жағдай бойынша облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 57 жаңа фактісі тіркелді.

Дертке шалдыққан 20 науқастың бойынан ешқандай ауру белгілері байқалмаған. Вирус жұқтырғандардың біразы облыс орталығының тұрғындары (21 адам). Қызылжар (21 адам), Жамбыл (5 адам) және Тайынша (5 адам) аудандарында да короновирусқа шалдыққандар азаймай отыр. Ал Мамлют, Ақжар және Айыртау аудандарында өткен тәулікте дертке шалдығудың жаңа оқиғалары анықталмады.

Коронавирустық инфекцияны анықтау мақсатында облыста ПТР талдамалары 4 зертханада жүргізіледі. Пандемия басталғалы өңірде КВИ-ді анықтау үшін барлығы – 207426 зерттеу жүргізілді. Өткен тәуліктің өзінде 1244 адам ПТР әдісімен зерттеу жасатты.

Жалпы бүгінгі күнге дейін өңірімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 8394-ке жетті. 5011 жағдайда науқастарда ауру белгілері байқалса, 3383 тұрғынның дерттің сиптомсыз түріне шалдыққаны белгілі болды.

Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp