“Nur Otan” партиясының мүшелері Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясының, ардагерлер, педагогтар, спортшылар мен белсенді азаматтық көзқарасы бар қоғам өкілдерімен кездесті. Олар тұрғындарды 10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды. Партия спикерлері, жұмыс істеп жүрген депутаттар және халық қалаулыларына кандидаттар Лаура Қайыржанова, Арман Бердағұлов және Владимир Витченко халықтық бағдарламаның қазіргі кезеңнің барлық талаптарына сәйкес келетініне ерекше назар аударып, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Бұл еліміздің 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы. Осы құжаттың негізінде әрбір елді мекеннің барлық индикаторларын, қажеттіліктерін ескере отырып, аумақтық бағдарлама әзірленді. Бүгінде облыс пен Петропавл қаласының өз бағдарламалары бар.
Спикерлерді бағдарламадағы “Әркімге лайықты өмір!” идеясын жеткізу біріктірді. Депутаттыққа кандидат, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы СҚО бойынша филиалының директоры Лаура Қайыржанова бағдарламаның маңызды алтыншы бағыты – есеп беруге міндеттейтін мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру мәселесіне тоқталды. Пандемия кезінде кез келген мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету маңызды. Бағдарламада көрсетілгендей олар онлайн форматқа жүз пайыз көшуі керек. Партия мүшелері оның жүзеге асуын бақылайтын болады. “Алдымызда ауқымды жұмыс атқарылып, барлық мемлекеттік органдардың базаларын бірыңғай жүйеге біріктіру міндеті тұр. Азаматтық бақылау мен қоғамдық сараптаманың маңыздылығын арттыру қажет. “Еститін мемлекет” тұрғындардан түскен өтініштерді көретін болады, бұл барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруін қамтамасыз етеді”, деді ол.
Партия бағдарламасындағы бөлімдердің бірі – “Қоғамдық келісім мен бірлікті сақтайық” деп аталады. Депутаттыққа кандидат, “Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” ЗТБ СҚФ төрағасы Владимир Витченко кездесуге қатысушыларды ұлт бірлігінің бағасын түсініп, Қазақстандағы әрбір этностың әралуандығын сақтай отырып, сайлауға келіп, біздің бүгінгі бейбіт өмір мен ертеңгі жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен “Nur Otan” партиясы тұрғындарды жарқын болашаққа жетелейтін дұрыс жолға бағыттап келеді. Бұл орайда, біраз істер атқарылды. Баршаның алдында саннан гөрі сапаға жұмыс істеп, денсаулық сақтауға баса назар аудару, бұқаралық спорт пен білім беруді дамыту бойынша жаңа мақсаттар тұр. Өз сөзінде Владимир Витченко Петропавлда үлкен өзгерістер байқалатынын атап өтті. Яғни, жаңа үйлер, мектептер, спорт алаңдары салынуда. Алдағы жылы Уәлиханов көшесінде мектеп оқушыларға есігін айқара ашады. Сондай-ақ, Спорт нысандары салынады. Партия мүшелері балаларға арналған спорттық үйірмелердің тиімді жұмыс істеуіне қол жеткізуде. Секциялар мен үйірмелер тегін болуы керек, ал жаттықтырушылардың жалақысын көтеру қажет. Сонымен қатар мұғалімдердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге өсуі тиіс.
Партия мүшелері кездесуге келген қызылжарлықтармен кері байланыс орнатып, алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Кандидаттардың айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижелі екенін Петропавлдың өзгерген кейпінен аңғаруға болады.
Кездесуде қатысқан аға буын өкілдері ел болашағы үшін алаңдаулы. Қала тұрғыны, педагогикалық еңбек ардагері Лидия Маслова партия мүшелеріне жасаған жақсылықтары үшін алғыс білдірді. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның күрделі тарихи жолы көз алдында өткен зейнеткер кез келген жақсы істің бағасын біледі. Ол партия мүшелерін тыңбай еңбек етуге, адамдардың қолдауын сезініп, одан да көп іс тындыруға шақырды.
Кездесуге қатысушылар сайлаушылармен қарым-қатынас кезіндегі риториканың өзгеруін бағалады. Партия мүшелері тек сәтті істерге тоқталып өтпей, өзекті мәселелер туралы батыл айтып, оның түйінін тарқату қажет екенін де біледі. Барлық негізгі бағыттарды қамтыған “Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!” бағдарламасын жүзеге асыруға Үкімет 21 миллиард теңге бағыттайды.
“Nur Otan” партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.