Жүрдек пойыз күнде қатынайды
Сиыр жылының 3 қаңтарынан бастап “Алматы – Петропавл” жүрдек пойызы күн сайын қатынайтын болады. Жағымды жаңалық туралы “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлім етті.
Сиыр жылының 3 қаңтарынан бастап “Алматы – Петропавл” жүрдек пойызы күн сайын қатынайтын болады. Жағымды жаңалық туралы “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлім етті.
Алаштың арда ұлдары Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сәбит Мұқановтар негізін қалаған “Soltústіk Qazaqstan” газетінің 100 жылдығы – өңіріміз үшін мерейлі дата. Ғасыр тойға орай облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов редакция қызметкерлерін құттықтап, марапаттар табыстады.
Облыстық әкімдіктің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов биылғы жылдың негізгі нәтижелерін қорытындылап, алда атқарылатын басты міндеттерді белгіледі.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс орталығындағы темір жол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңарған вокзалды аралап, қала келбетін көріктендіре түскен компанияға ризашылығын жеткізді.
2020 жыл барлығы үшін қиын болды, адамдардың көбі карантиндік шектеулерге байланысты тұрақты жалақысыз қалды. Полицейлер сүйікті мереке қарсаңында олардың отбастарына сыйлық жасауды ұйғарды. Акцияға барлық бөліністердің қызметкерлері қатысты. Олар үйлерінен азық-түліктер, тәттілер, кітаптар, балаларға арналған киім-кешектер, тұрмыстық химия заттары – кімде не бар, соны әкелді. Кішкентай балалар тәрбиелеп отырған көпбалалы, толық емес, тұрмысы қолайсыз және …
Ел көзіне түспей елеусіздеу жүргендей көрінгенімен, әңгімелесе, білісе, сырласа келгенде басқаша қырынан танитын, табиғи мінезімен жан-жағына мейірім шуағын шашып, іскерлік-біліктілігімен ұршықша үйіріп әкететін жандар болады. Хакім Абай айтқандай, “ақырын жүріп, анық басу” – осындай санаттағылар үшін өмірлік ұстаным. Олар бәзбіреулерге ұқсап кез келген жерге ентелеп, кеуделеу, көзге түсіп қалайыншы деген жасанды қылықтардан ада, керісінше, ішкі …
Күні-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей, тынымсыз жұмысқа жегіліп, тығырықтан шығар жол іздеп, қауіпті дерттің емін табуға бар білім-білігін, күш-жігерін салып жатқан дəрігерлердің талпынысы ерлікке пара-пар дер едім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қазіргі қысыл-таяң кезеңде алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген дəрігерлер мен медицина қызметкерлеріне қуатты қолдау көрсетіп, зор сенім білдіріп отыр емес пе?!
Өтіп бара жатқан 2020 жылдың көңілге медеу ұялатып, жанға жігер беріп, үмітке қанат бітірген оқиғаларының бірі – ұзақ жылдар көнерген нысанды паналап келген Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің жаңа ғимаратқа көшуі. Білім ұясы есігін айқара ашқан күн мың шақты оқушы мен олардың ата-аналары үшін мерекеге айналды.