«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүрдек пойыз күнде қатынайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сиыр жылының 3 қаңтарынан бастап “Алматы – Петропавл” жүрдек пойызы күн сайын қатынайтын болады. Жағымды жаңалық туралы “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жаңа жылдан кейін жолаушы тасымалдайтын пойыздардың қозғалыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілмек. Мерекеге орай әуе рейстерінің кестесі өзгеріп, сонымен бірге пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі.

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес 30 желтоқсаннан бастап Ақмола облысының аумағында орналасқан барлық стансалар бойынша темір жол билеттерін сатуға және жолаушыларды отырғызып-түсіруге рұқсат етілген. Ал 2021 жылдың 3 қаңтарынан бастап “Алматы – Петропавл” бағытындағы №105/106 жүрдек пойыздар күн сайын қатынайтын болады (бұрынғы нөмірі №705/706).

“Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша ақпарат алу үшін “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-ның әлеуметтік желілердегі парақшалары мен bilet.railways.kz сайтына тіркелуді сұраймыз. Сондай-ақ, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық мәліметті “105” нөмірі арқылы алуға болады”, – делінген хабарламада.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp