Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жылы көптеген жарқын, есте қаларлық оқиғалар болды, маңызды жобаларды қолға алып, экономикада жетістіктерге, әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткіздік. Біз егемен еліміздің Конституциясының 25 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және басқа да бірқатар маңызды оқиғаларды атап өттік.
Жаһандық пандемия көптеген шектеулер мен өзгерістер әкелгенімен, бізді тек біріктіре түсті. Коронавирус әдеттегі өмір салтымызға ғана емес, экономикамызға да әсер етті. Барлық қиындықтарға қарамастан, біз өңірдің экономикалық дамуының оң қарқынын сақтап қалдық.
10 айдың қорытындысы, көрсеткіштердің өсу қарқыны бойынша облыс жетекші өңірлер қатарына кіріп қана қоймай, орташа республикалық мәннен асып түсті. Мұның бәрі облыстың одан әрі дамуына негіз болады.
Өткен жылы өңірде спорт кешендері мен ауруханалар, балабақшалар мен мектептер, жаңа өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары сияқты ондаған маңызды нысандар ашылды.
Жол, тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде, азаматтарды ескі және апаттық тұрғын үйлерден жаңа баспанаға қоныстандыру бағдарламасы іске асырылуда, аулалар абаттандырылуда, қалалар мен ауылдарда инфрақұрылым дамуда.
Осы және басқа да көптеген жетістіктер облыс тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды. Мен түсіністік танытып, сенім білдіргендеріңіз, өңірдің дамуына белсенді қатысқандарыңыз үшін сіздерге ризамын. Біз қол жеткізген жетістіктердің бәрін бірге жасадық.
Келе жатқан 2021 жыл – еліміз үшін мерейлі жыл. Отанымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Келесі жылы да қарқынды бәсеңдетпейтінімізге және одан да зор жетістіктерге жете алатынымызға сенімдімін.
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын және баршаңызға, ең бастысы, мықты денсаулық тілеймін! Келе жатқан жыл жаңа идеялар, маңызды оқиғалар мен жақсы өзгерістер кезеңі болсын! Отбасыларыңыз мейірім мен махаббат шуағына бөленсін!
Жаңа жылда жаңа бақытқа жете берейік!
Құмар АҚСАҚАЛОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.