2020 жыл барлығы үшін қиын болды, адамдардың көбі карантиндік шектеулерге байланысты тұрақты жалақысыз қалды. Полицейлер сүйікті мереке қарсаңында олардың отбастарына сыйлық жасауды ұйғарды. Акцияға барлық бөліністердің қызметкерлері қатысты. Олар үйлерінен азық-түліктер, тәттілер, кітаптар, балаларға арналған киім-кешектер, тұрмыстық химия заттары – кімде не бар, соны әкелді. Кішкентай балалар тәрбиелеп отырған көпбалалы, толық емес, тұрмысы қолайсыз және табыстарына карантиндік шектеулер ерекше әсер еткен отбасыларға көмек көрсетілді.
Сыйлықтар тиелген полиция машиналарының керуені таңертең ерте мекенжайларға жол тартты. Полицейлер санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра, балаларға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады, сыйлықтарды табыс етті. Тәртіп сақшылары балаларға безендірілген шырша және қажетті заттар мен азық-түліктер ала келді.
-Халықпен барынша тығыз қарым-қатынас жасайтын полиция департаменті бөліністерінің қызметкерлері мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бастамашылық етті, – деді ведомство бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. – Мұндай отбасыларды таңдауға ювеналдық полиция қызметкерлері көмектесті. Қызмет желісі бойынша кішкентай петропавлдықтардың қайсысына Жаңа жылдық қуаныш сыйлап, көмек көрсету қажет екенін олар жақсы біледі. Бұл таңдаудың жалғыз критерийі болды. Барлық балаларға көмек көрсету мүмкін емес, біз тек балалардың жүректеріндегі жаңажылдық ғажайыпқа деген сенімдерін сақтап қалғымыз келді. Жыл бойы бұл отбасылар ерекше назарда болады.
Полицейлер қолдауды қажет ететін басқа да топтарды назардан тыс қалдырған жоқ. «Қайырымдылық керуені» 61 балдырған тәрбиеленіп отырған көпбалалы он сегіз отбасында болып қайтты. Қиын жағдайда тұрып жатқан отбасылардағы балалардың өмірінде жарқын мереке – Жаңа жылға ерекше қуаныш сыйлады.
Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы.