Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында он бірінші сыныптың оқушысы Данила Гордеевке Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауын табыс етті. «Құрметті Данила Александрович! Бұл жарқын да айрықша мерекеде саған мықты денсаулық, оқуда сәттілік пен жетістіктер тілеймін!» – делінген генералдың құттықтауында.
Жасөспірім қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан жүргізуші-полицей Александр Гордеевтің кіші ұлы. Полиция старшинасы Александр Гордеев қызметін 1992 жылы бастаған. 2006 жылдың 1 қыркүйегінде ол аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Ерік Оспановпен бірге іссапардан келе жатқан. Кенет жолдың қарсы бағытына мас жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Camry» көлігі шыға келген. Екі полицей де оқиға орнында жан тапсырған
-Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлер әрдайым жүрегімізде сақталады, — дейді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов. — Бұған министрдің құттықтауы дәлел бола алады. Гордеевтің зайыбы Ольга Николаевна аудандық полиция бөлімінде хатшы болып жұмыс істейді. Үлкен ұлы Антон 2017 жылдан уақытша ұстау изоляторында кезекші. Данила биыл заңгер мамандығы бойынша оқуға түсуге дайындалуда.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.