«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ресей бізден тартып алмаса, сыйлыққа ештеңе берген емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейлік «айтқыш ауыздар» Никонов, Федоров және Жириновскийлердің сөзіне саяси жауапты ресейлік тарихшы Дмитрий Верхотуров «ЦентрАзия» басылымына арнап жазған мақаласында беруге тырысыпты.

Ол былай деп жазады: «Бәріміз білетіндей, Ресей «мынау сендерге берген сыйлығым» деп, қазаққа ешқандай жер берген емес. Біріншіден, Ресейдің қол астына кірген кезде қазақтың өз жері болған және ол жердің бәрі сондағы халқымен бірге Ресей империясының құрамына енген». Тарихшы 1731 жылғы 26 наурызда Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның қабылдауына арналған бекітілген ант мәтінін келтіреді: «Такожде купцам российским подданным, ездячим из Астрахани и других мест караваном и особ к нам кайсакам и чрез наши жилища и кочевья в другие места, никакого препятствия и обид не делать». Бұл сол кезде-ақ қазақтардың өз жері мен қоныстары болғанын көрсетеді. Никоновтың өтірігі ашылды.

Сонымен қатар ол Солтүстік Қазақстан да түбі орыстың жері емес деген ойын жеткізеді. «Сібір хандығы болған. Ол Ермак жаулап алған татар хандығы еді. Ол оңтүстігінде Ишим–Курган–Тара сызығымен қазақтармен шекаралас болды. Сібір хандығы жауланғаннан кейін бұл шекара 1585 жылдан 1752 жылға дейін тұрды, бақандай 167 жыл бұл. Осылайша бұл жерлер қазаққа «сыйлыққа» берілмеген, керісінше, қазақтардан пушканың күшімен тартып алынған. Үшіншіден, – дейді тарихшы, – 1820-23 жылдары Орынбордағы шекаралық комиссияның архивінде жұмыс істеген ғалым А.И.Левшин 1832 жылы өзінің атақты «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» деген еңбегін жариялады. Сонда Левшин қазақ даласының ең шеткі солтүстік нүктесі Омбы бекінісіне таяу жерде деп, оңтүстіктегі шегі деп, қазақтың қазіргі шекарасынан тым алшақ емес жерді атаған. Сол жерлерде қызметте болған  дипломаттар мен офицерлерден қалған көптеген құжаттар Қазақстанның территориясы қазақтардың иелігінде болғанын растайды, сондықтан жерді қазақтар «сыйлыққа алды» деу барып тұрған ақымақтық», – дейді мақала авторы.

Қорытындылай келе, тарихшы Солтүстік Қазақстандағы қазақтар Қазақ АССР-і, кейін Қазақ ССР-і құрылғанға дейін сол жерлерді бағзыдан мекендеп келгенін айтады. Мақала автономиялық республиканың құрылуы жердің қазақтыкі екенін бекітіп, оған қазақтың ұлттық және мемлекеттік құқығы бар екенін мойындаумен аяқталған.

https://zhasalash.kz/

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp