АЙЫРТАУДАҒЫ АЙТУЛЫ ЖОБАЛАР
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа жылдағы алғашқы жұмыс сапарын Айыртау ауданынан бастады. Өңір басшысы тауарлы-сүт фермаларының құрылыс алаңдарында болып, жылыту қазандығының жұмысымен танысты.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа жылдағы алғашқы жұмыс сапарын Айыртау ауданынан бастады. Өңір басшысы тауарлы-сүт фермаларының құрылыс алаңдарында болып, жылыту қазандығының жұмысымен танысты.
Өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында шетелден инвесторлар шақырылып, бизнес жүргізу үшін қаңырап қалған ғимараттар мен жер учаскелері берілуде. Елімізде баламасы жоқ фанера шығаратын комбинат – соның жарқын мысалы. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа кәсіпорынды аралап, инвестордың бастамасына сәттілік тіледі.
Қай елде болмасын, сайлау жақындаған сайын оған “қатыспаймын”, “дауыс бермеймін” деушілер шығып жатады. Бүгін осы мәселеге өз көзқарасымды білдіргелі отырмын. Жалпы, біздің елімізде азаматтардың сайлауға қатысуының еріктілігі қамтамасыз етілген, дауыс беруге қатыспаймын дейтіндер табылып жатса, оларды ешкім қолынан сүйреп сайлау учаскесіне апармайды, ол үшін дүре де соқпайды. Өйткені, сайлау туралы заңнамаларымызда азаматтарды сайлауға қатысуға немесе …
Үгіт-насихат жұмыстары аясында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ерлан Тоқшылық, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Арман Бердағұлов пен Владимир Витченко “Фабрика Рекламы” ЖШС-нің ұжымымен кездесті. “Nur Otan” партиясының өкілдері “Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір” сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, ондағы барлық міндеттер азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Есжан Оразалин мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ерлан Тоқшылық Жамбыл ауданындағы Кладбинка ауылында болып, тұрғындармен және “Казанское” бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесті.
Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Дмитрий Колода үгіт-насихат жұмыстары аясында Мамлют ауданына барды. Тұрғындармен онлайн кездесу барысында кандидат газ тарту, жолдарды жөндеу және жұмыспен қамту мәселелеріне кеңірек тоқталды.
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Бурковская Айыртау ауданының тұрғындарымен кездесті. Әңгімелесу барысында ол әлеуметтік қолдау, бизнес және туризм салалары бойынша сұрақтарға жауап берді.
Жаңа жыл қарсаңында өңірімізге танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық және өңірлік жыр мүшәйраларының жеңімпазы, ардагер журналист Тоқтар Зікіриннің “Жүрек сыры” атты өлеңдер жинағы оқырманға жол тартты.
Облыс орталығындағы пробация қызметінің ғимаратында осы заманғы биометриялық сканер орнатылды. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл құрылғы сотталған адамдарды саусақ ізі бойынша анықтауға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік бокс кеңесі (“WBC”) 2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік боксшыларды анықтау үшін дауыс жинауды бастады. Халықаралық ұйым солтүстікқазақстандық боксшы – Евгений Павловты (3-0, 2 КО) болашағынан зор үміт күттіретін боксшылар тізіміне қосты.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.
«Nur Otan» өңірлерде халықпен кездесуді жалғастыруда. Бүгін партия сайлауалды штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында болды.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Облысымызда тұрып жатқан барлық православие христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұдан былай ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотталған лауазым иелері түрмеден мерзімінен бұрын босатылмайды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің инспекторы Светлана Зайцева онлайн-брифингте мәлімдеді.