Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Есжан Оразалин мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ерлан Тоқшылық Жамбыл ауданындағы Кладбинка ауылында болып, тұрғындармен және “Казанское” бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесті.
Кандидаттар барша ауылдықтарды сайлауға қатысуға шақырып, сайлауалды бағдарламада ауыл мен ауданды дамыту бойынша қандай шаралар жоспарланғанына тоқталды.
“Nur Otan” партиясы ауыл жолдарының жөнделуін үнемі назарда ұстайды. Алдағы уақытта біз жалпы ұзындығы 70,5 шақырым, соның ішінде, Казанка ауылына кіретін автожолды жөндеуді талап ететін боламыз. Сондай-ақ, партия жалпы ұзындығы 134 шақырым ауыл ішіндегі жолдарды жөндетуді жоспарлап отыр”, – деді Есжан Оразалин.
Депутаттыққа кандидаттың айтуынша, “Nur Otan” ауылды өмір сүру үшін қолайлы етумен қатар қауіпсіз аймаққа айналдырмақ. Сол себепті партиялықтар Троицкое және Кладбинка елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттерін ашып, өрт сөндіру құрылымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға жәрдемдесетін болады. Жамбыл ауданында барлығы 35 бейнебақылау камерасы орнатылмақ.
Кездесу барысында партия өкілдері денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерді де қозғады.
“Болашақта бұл саланы да тың өзгерістер күтіп тұр. Партия жеңіске жеткен жағдайда аудандағы бірқатар емдеу мекемелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Благовещенка дәрігерлік амбулаториясы мен аудандық емханаға, орталық аудандық аурухананың инфекциялық корпусына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар 10 санитарлық автокөлік сатып алынады. Бұдан басқа, жоспарымызда амбулаторлық ем алу кезінде онкологиялық ауруға шалдыққандарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары бар”, – деп атап өтті Ерлан Тоқшылық.
“Нұротандықтар” облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауданның кейбір ауылдарында медициналық және дәрі-дәрмек пункттерін ашуды қолға алмақ. Жоғарыда аталған барлық жұмыс ойдағыдай іске асқан жағдайда 18,5 мың аудан тұрғыны сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.
“Nur Otan” партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау қоры қаражатынан төленді.