«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа жабдық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы про­бация қызметінің ғи­маратында осы заманғы био­метриялық сканер орна­тыл­ды. Облыстық қылмыс­тық-атқару жүйесі департа­менті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл құрылғы сотталған адамдарды сау­сақ ізі бойынша анықтауға мүм­кіндік береді.

Биометриялық сканер тексе­рістен өтуге келгендер туралы жан-жақты ақпарат беріп, олар­дың не үшін сотталғанынан ха­бардар етеді. Саусақ құрылғыға қойылған кезде ол тір­келіп, жазасын өтеушілердің тәр­тіпті сақтау режімі бақыланып оты­рады. Департамент басшы­лығы мұндай жаңа жабдықтың жұмыс­ты едәуір жеңілдете түс­кенін айтуда. Алдағы уақытта тұрақ­ты түрде қолданылады.

Бүгінгі күні Петропавл қала­сы­ның пробация қызметінде қо­ғамнан ажырамай, жазасын өтеп жатқан 398 азамат есепте тұр. Сканер арқылы күн сайын олардың жеке мәліметтері, ме­кенжайы мен саусақ ізі тексе­ріліп отырады.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp