«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жемқорларға жеңілдік жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес туралы заңға бір­қатар өзгерістер енгізілді. Бұ­дан былай ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотталған лауазым иелері түрмеден мер­зімінен бұрын босатылмайды. Бұл туралы сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес қызметінің инспекторы Светлана Зайцева онлайн-брифингте мәлімдеді.

Светлана Николаевнаның ай­туынша, қылмыстық процестер бойынша азаматтардың құқық­тарын қорғау және қоғамдық ін­детке қарсы іс-қимыл мәселеле­рі жеке тұлғалар үшін барынша қа­таңдатылды. Біріншіден, олар­ды шартты түрде мерзімінен бұ­рын босатуға тыйым салынады. Екіншіден, бірден қауіпсіздігі ба­рынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберуге жол берілмейді. Яғни, сот үкімімен белгіленген жазаларын бұрын­ғыдай қолайлы жағдайда өтей алмайды.

Сондай-ақ, “бармақ басты, көз қысты” әрекет жасаған құқық қорғау қызметкерлері мен судья­ларға да талап күшейтілді. Бұл санаттағылар 50 айлық есептік көрсеткіштен кем пара алса да ол ауыр қылмыс саналып, 5 жыл­дан 6 жылға дейін бас бостан­дығынан айырылады. Ал жүкті, жас балалары бар әйелдер, 58 жастан асқан әйелдер, 63 жас­тан асқан ерлер, бірінші және екін­ші топтағы мүгедектер үшін же­ңілдіктер қарастырылған.

“Antıkor ortalyǵy” алаңында ұйымдастырылған брифингте заңда көрсетілген өзгерістерден бөлек облыс аумағында бір жыл­да 103 қылмыстың тіркелгені де айтылды. Оның 86-сы сыбайлас жемқорлыққа қатысты. 23 адам сотталып, 8-і бас бостандығынан айырылған. 12-сіне айыппұл са­лынған. Жемқорлардың 8-і – бі­рінші басшылар. Келтірілген 487,8 млн. теңге шығынның 458 млн.теңгесі өндіріліп алынған.

Екатерина СТАРОСТИНА,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp