«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮРЕ ЖОЛДАРҒА – КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Дмитрий Колода үгіт-насихат жұмыстары аясында Мамлют ауданына барды. Тұрғын­дармен онлайн кездесу барысында кандидат газ тарту, жолдарды жөндеу және жұмыспен қамту мәселелеріне кеңірек тоқталды.

“Nur Otan” партиясы ауылдардың жағдайын ерекше бақылауға алған. Әсі­ресе, ауылішілік және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының сапасын жақсарту – басты назарда. 2025 жылға қарай 210 шақырым жергілікті жолды сапалы жөндеу міндеті тұр”, – деді Дмитрий Колода.

Ал жастармен, мәдениет және өнер салаларының өкілдерімен кездесу кезінде Дмитрий Колода мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Еркебұлан Мәмбетов партияның Мамлют ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы туралы баяндады.

“Партия жоспарында білім беру саласына қатысты бірқатар шаралар бар. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту, 5 мектепке күрделі жөндеу жүргізу, барлық орта мектептерді кезең-кезеңмен пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету, робототехника сыныптарын ашу жұмыстарын жүргізуге мүдделіміз”, – деген Еркебұлан Мәмбетов алдағы 5 жылға жоспарланған партия жұмысын таныстырды.

Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығындағы эскпромт кездесу барысында кандидаттар Мамлют ауданының тұрғындарын 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.

“Nur Otan” партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау қоры қаражатынан төленді.  

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp