Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Бурковская Айыртау ауданының тұрғындарымен кездесті. Әңгімелесу барысында ол әлеуметтік қолдау, бизнес және туризм салалары бойынша сұрақтарға жауап берді.
Коронавирус пандемиясы орын алып, елдің экономикалық жағдайы қиындай түскен шақта мемлекет пен “Nur Otan” партиясы дағдарысқа қарсы бағдарлама құрып, ұйымдасқан жұмысқа көшті. Мысалы, Айыртау ауданының өзінде 3 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетілді. Ирина Бурковскаяның айтуынша, 827 тұрғын “Birgemiz” қайырымдылық қорынан 50 мың теңге қаржыға ие болса, 300-ден астам айыртаулық азық-түлік себетін алған.
“Nur Otan” партиясына сенуге болады. Өйткені, барлық уақытта ол азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды бірінші орынға қоя білді. Болашақта да осылай болмақ. Партия бизнес өкілдерін де ұмытпайды. Ауданда “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында 85 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің қатары 2025 жылға қарай 1590-нан 1730-ға артады”, – деді кандидат.
Айыртау ауданы – өңіріміздің табиғаты сұлу жерлерінің бірі. Осы маңда туризмді дамыту үшін “Nur Otan” партиясы “Жемчужина Имантау”, “Солнечное VIP”, “Тұрпан”, “Имантау” демалыс аймақтарын кеңейтуге жәрдемдеспек.
“Бұл шаралардың барлығы 2025 жылға қарай туристердің қатарын арттыруға мүмкіндік береді. Олардың санын бес жыл ішінде 18 мыңнан 25 мыңға дейін арттыру көзделген. Партия өз уәделерін орындайды, сіздер де 10 қаңтар күні сайлауға келіп, оның жеңіске жетуіне көмектесіңіздер”, – деген Ирина Бурковская айыртаулықтарды сайлауға қатысуға шақырды.