Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Облысымызда тұрып жатқан барлық православие христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке адамдарға қуаныш пен үміт сыйлайды, оларды рухани, адамгершілік құндылықтары, мейірімділік пен қайырымдылық дәстүрлері аясында біріктіреді.
Бүгінде өңірімізде түрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүруде. Ұлтаралық қатынастағы ұстанатын негізгі қағидаттарымыз – Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі. Біз туған өңірімізді бірге дамытып, жайлы өмір сүру үшін жағдай жасаймыз.
Орыс православие шіркеуі басқа христиан конфессияларымен бірге біздің облысымыздың өмірінде маңызды рөл атқаруда, қоғамдық келісімге, отбасы институтын нығайтуға және жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге үлес қосуда.
Рождество мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбітшілік және әр үйге бақыт тілеймін!
Құмар АҚСАҚАЛОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.