«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Евгений — үздіктер тізімінде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дүниежүзілік бокс кеңесі (“WBC”) 2020 жылдың қоры­тын­дысы бойынша үздік боксшыларды анықтау үшін дауыс жи­науды бастады. Халықаралық ұйым солтүстікқазақстандық боксшы – Евгений Павловты (3-0, 2 КО) болашағынан зор үміт күттіретін боксшылар тізіміне қосты.

Спорт порталының мәліметін­ше, жеңіл салмақта бақ сынап жүр­ген 21 жастағы спортшы “Жыл проспекті” аталымында сын­ға түседі. Сондай-ақ, бұл атаққа Бек Нұрмағанбет, Себас­тьян Фундора, Дэвид Пикассо, Элвис Родригес және Габриэль кіші-Флорес таласпақ.

Жерлесіміз кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін Беларусия­ның астанасы – Минск қаласын­да өткізіп, венгрлік Патрик Хор­ват­тан (1-1) басым түсті. Ал соң­ғы кездесуін 2020 жылдың 17 жел­тоқсанында Нұр-Сұлтан қа­ла­сында өткізді. Евгений Павлов бұл кездесуде филиппиндік Алие Лаурелді төрешелірдің шешімі­мен жеңді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік бокс кеңесі “Жыл нокауты”, “Жыл жекпе-жегі”, “Жыл бапке­рі”, “Жыл боксшысы” және тағы бас­қа аталымдарда үздіктерді анықтайтын болады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp