ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР КӨШІН ЖАНДАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің басты басылымы – “Egemen Qazaqstan” республикалық газетінде жариялаған “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” бағдарламалық мақаласында биыл отыз жылдығы аталып өтілетін Тәуелсіздік туралы тереңнен толғай келе, егемен еліміздің алдағы уақыттағы ішкі саясатының басты бағыттары мен бағдарларын айқындап берді.