«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір тоннадан астам заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полицейлер Мамлют ауданындағы бір ауылдың дүкенінен 120 литрден астам алкоголь өнімдерін тәркіледі. Дүкенде спирттік  ішімдікті сатуға рұқсат беретін лицензиясы болмағанына қарамастан арақ саудасы жақсы жолға қойылыпты. Сауда нүктесінің иесіне қатысты  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша материал жинастырылып жатыр. Дәл осы бап бойынша үйінде ащы суды саудалаған  Мамлютка қаласының 59 жасар тұрғыны жауапқа тартылды. Сатуға дайындап қойған арақ тәркіленді. 

Өткен жылы облыс аумағында лицензиясы жоқ алкоголь сатудың 185 фактісі анықталған. Спирттік ішімдіктерді сату ережелерін 156 сатушы мен сауда нүктелерінің иелері бұзған. Сондай-ақ,  еліміздің қолданыстағы заңнамаларының талаптарын бұзу бойынша 11 факті анықталды, яғни  спирттік ішімдіктер төмен бағамен немесе бөліп құйып сатылған. Жалпы алғанда былтырғы 12 ай ішінде бір тоннадан астам заңсыз алкогольдік ішімдіктер тәркіленді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті

 ішкі және сыртқы коммуникациялар

 бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp