Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы мал шаруашылығы кешендері бірінің басшылары торпақ ұрланғанын айтып полицияға жүгінген. Белгісіз қылмыскерлер кәсіпорын аумағына қоршаудың астынан кіріп, құны 130 мың теңге тұратын үш айлық екі бұзауды ұрлап әкеткен.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті көрші ауылдың 22 жасар екі тұрғынын анықтаған. Күдіктілерге қатысты келуі туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Ұрланған бұзаулар иелеріне қайтарылды. Олар бұзауларды сатпақшы болған, алайда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқан полицейлерден сескеніп, арам ойларын іске асыра алмаған.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті
ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің жетекші маманы.