«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.01.2021

Берекеліктер белсенді

Өткен жылы “Береке” шағынауданында оң өзгерістер орын алды. Жаңа саябақ салынып, тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша шағынауданда заманауи емхананың құрылысы басталды. Бұл оң өзгерістерге куә болып, ел ертеңіне деген сенімдері артқан берекеліктер жексенбі күні өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында белсенділік танытты.

“ТАҢДАУЫМЫЗ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ”

Медициналық колледжде орналасқан №643 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасамақ болған тұрғындар қарасы қалың болды. Сайлау комиссиясының төрағасы Дулат Сейтжанов дауыс беру үрдісі талапқа сай өткенін, коронавирусқа байланысты сақтық шараларына ерекше мән берілгенін айта келіп, 35 адамның үйде дауыс беруге өтініш жасағанын жеткізді.

“NUR OTAN” — 71,9 ПАЙЫЗ

Кеше орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың алғашқы қорытындылары шығарылды.

ОТАНДЫ СҮЮ – ЕРЛІК!

Тарих табалдырығын аттаған 2021 жылдың алғашқы жылнама­сында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық “Egemen Qazaqstan” газетінде жарияланған “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласын ел ертеңіне деген берік сенімді ұялататын, іргелі істерге жетелейтін басты бағдарлама ретінде қабылдадым. Мақала мәтінімен мұқият таныса отырып, жүрек түбінде жатқан, көптен ойда жүрген түйткілді, өзекті мәселелердің бүкпесіз көтерілуімен қатар келешекке бағыт-бағдар …

ОТАНДЫ СҮЮ – ЕРЛІК! Read More »

САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

Әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан Қазақстанда сайлаудың өтуі – қоғам үшін де, мемлекет үшін де маңызды оқиға. Ол жаңа мүмкіндіктерді қарастырып, кадрлық әлеуетті жақсартуға жол ашады, Қазақстанның жаңа қырынан көрінуіне мүмкіндік береді.

БІР АДАМДАЙ ҚАТЫСТЫ

Өз құқықтарын пайдаланып, Отан алдындағы міндеттерін өтеуге Мамлют ауданындағы Бостандық ауылының тұрғындары бір адамдай атсалысты. Ауылдың 166 тұрғыны түске дейін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Санитарлық талаптар қатаң сақталды

Облыс орталығындағы №2 орта мектепте орналасқан №578 сайлау учаскесі таңғы сағат 8-де өз жұмысын бастады. Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға асыққан тұрғындардың алғашқылары комиссия құрамы дайындаған кішігірім сыйлықтарға ие болды. Сайлау учаскесінің төрайымы Зура Шақанованың айтуынша, күннің бірінші жартысында сайлаушылар көп болғанымен, ғимаратта барлық санитарлық талаптар сақталған.

Жауапты сәт

Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлаудан денсаулығы сыр берген азаматтар да қалыс қалмады. Мәселен, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжіндегі №632 сайлау учаскесінің қызметкерлері 8 науқастың шаңырағында болды.

АССАМБЛЕЯДАН ТОҒЫЗ ДЕПУТАТ

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблесынан депутаттар сайлауға арналған ХХVІІІ сессиясы ашылып, дауыс беру өтті.

ЖОЛАУШЫЛАР ИГІЛІГІНЕ – ЖАҢА АВТОБУСТАР

Облыс орталығының автобус паркі жеті жаңа көлікпен толықты. Оқушылар сарайының алдына қаз-қатар тізілген қоғамдық көліктерді өңір басшысы Құмар Ақсақалов тамашалап, тұрғындар игілігіне тапсырды.

Кесілген ағаш орнына — экосаябақ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Instagram” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жаңа экосаябақтың жобасын таныстырды. Болашақ жоба Мещан орманының ағаштар кесілген аумағында орналаспақ.

ТЕРІСКЕЙЛІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Арнайы мұрағаттың деректері

Облыстық полиция департаментінің арнайы мұрағатында 1930-1950 жылдары заңсыз сотталған солтүстікқазақстандықтарға қатысты 5364 қылмыстық іс және бұрынғы кеңестік әскери тұтқындар туралы сұрыптау материалдары сақталған. Олардың ұрпақтары мәліметтер алу үшін жүгіне алады.