«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Эпидемиялық ахуал күрделі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 13 ауданның 8-інде коронавирус инфекциясы тіркелді.

Облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 52 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 24 адамда ғана ауру белгілері болған.
Петропавл қаласы ауырғандар бойынша алда тұр. 10 қаңтарда 18 адамнан індет анықталған. Бұдан басқа тағы 8 ауданда КВИ жұқтырғандар тіркелді.
Ресеймен шекаралас М.Жұмабаев ауданында – 9, Есіл ауданында – 7, Айыртау ауданында – 6 және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 5 адам. Тайынша, Шал ақын, Мамлют, Қызылжар аудандарында 1-2 сырқаттан.
Өткен тәулікте 1006 адам ПТР тест тапсырған. Жалпы пандемия басталғалы СҚО-да 225 370 адам осы әдіспен тексерілді. Олардың тек 4%-ының ғана көрсеткіштері оң болған.
Жалпы өңірде ауырғандар саны 9185-ке жетті. 


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp