Синоптиктер 12-14 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің айтуынша, аталған кезеңнің басында Атлантикалық циклон елдің басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі: солтүстікте – жаяу бұрқасын, қар; батыс пен оңтүстікте – жаңбыр, қар болады. Одан кейін елдің басым бөлігіне Салехард аудандарынан антициклон ығысады. Осыған байланысты, аталған кезеңнің соңына қарай күн ашылып, температура төмендейді деп күтілуде.
Алайда, республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста – көктайғақ, оңтүстік-батыста дауыл болады деп болжанып отыр.
https://egemen.kz