«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР АДАМДАЙ ҚАТЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өз құқықтарын пайдаланып, Отан алдындағы міндеттерін өтеуге Мамлют ауданындағы Бостандық ауылының тұрғындары бір адамдай атсалысты. Ауылдың 166 тұрғыны түске дейін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Бостандық ауылындағы №328-сайлау учаскесі тұрғындарға есігін таңғы 7-ден айқара ашты. Бұл учаскеге Бостандықтың 166 тұрғыны тіркелген. Биыл дауыс берушілердің арасында студенттер де бар. Бесеуі өз құқықтарын алғаш рет пайдаланып, дауыс берді.

– Биыл мен бірінші рет дауыс бердім. Пандемияға байланысты оқуымыз қашықтан ұйымдастырылған соң сабақты үйде жалғастырудамыз. Сондықтан осындағы Мәдениет үйіне барып, таңдау жасадық. Ерекше сезімде болғанымды жасырмаймын. Елімнің жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Мен қолдаған партия жастарға жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылдың өзекті мәселелерін шешеді деген ойдамын, – деді 2-курс студенті Қайырхан Карменов.

Қалалық жерлердегідей ауылдағы сайлау учаскесінде де санитарлық талаптардың қатаң сақталуына мән берілді. Барлық келушілерге бірреттік бетперде берілген. Бюллетеньге белгі қоятын қаламдар да әр сайлаушыға жеке дара үлестірілді. Дауыс беретін кабиналар да бүркемеленбей, ашық тұр.

– Ауылымыздың тұрғындары сайлауда белсенділік танытты. Көпшілігі демалыс күніне қарамай, учаскеге ерте келді, – деп атап өтті сайлау комиссиясындағылар.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp