«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жігітімен көңіл көтерген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр желтоқсан айының басында облыс аудандарының біріндегі  полиция бөліміне бойжеткен қызының жоғалғаны  туралы жергілікті тұрғын жүгінген.  Құрбыларына  барамын деп,  телефонын өшіріп тастаған 18 жастағы бойжеткенді ата-анасы өз күшімен төрт күн іздепті. Тәртіп сақшылары бірден жоғалған қыздың таныстарын,  көліктерді тексерген және басқа да іздестіру іс-шараларын жүргізген. Құрбылары да, туыстары да қыздың жүрген жері туралы хабардар болмаған. Алайда полицейлер қыздың жоғалуының алдында басқа елді мекенде тұратын жігітпен танысқанын анықтаған.  Пайда болған болжам расталып,  жедел уәкілдер жігітімен көңіл көтеріп жүрген қызды үйіне қайтарды. Ал бойжеткен болса өзінің бұл қылығына тіпті өкінген кейіп те білдірмепті.

-Кейбір адамдардың жауапсыздығы көп жағдайда полицияға із-түссіз жоғалғандарды іздестіру туралы өтінішпен жүгінуге әкеліп соқтырады,  – дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Адамдар үйлерінен көңіл көтеру немесе жеке басының мәселелерін шешу үшін кетіп,  жақындарына жүрген жерлері туралы айтпайды, туыстарын уайымға салатынын ойламайды.  Кейбіреулері кедергі болмас үшін телефондарын әдейі өшіріп қояды,  ал тағы біреулері ақша табу үшін кетіп қалып, байланыс аясынан тыс болады. Қандай жағдай болмасын бұл туған-туыстарын уайымға салады және полицейлер үшін  ауқымды жұмыс болып табылады. Өткен жылы облыста іздеуде тоқсан адам болып, олардың басым бөлігінің жүрген жерлері  анықталды.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті

 ішкі және сыртқы коммуникациялар

 бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp