«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Литваның гүлдері уақытылы жеткізілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Литвадан келе жатқан гүл тиелген автокөлік біздің Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында сынып қалған. Сапарын одан әрі жалғастыру үшін «DAF» жүк көлігінің жүргізушісіне полицейлердің көмегі қажет болған.

-Автожолды патрульдеу кезінде шамамен кешкі сағат сегіздер кезінде  тоқтап тұрған көлікті байқадық. Мұндай жағдайларда тоқтап қалған  көліктің басқа жол қозғалысы қатысушыларына қауіп төндірмей тұрғанына көз жеткізу қажет болатын. Жүргізуші көлігінің антифризі ағып кеткенін, көмек қажет екенін айтты. Ауа температурасы минус 32 градус еді, – дейді облыстық  патрульдік полиция батальонының инспекторы Асхат Бақытжанов.

Полицейлер автокөлікке қажетті сұйықтықты сатып әкеліп, оны Саумалкөл ауылында күзетілетін аумаққа жеткізген. Келесі күні ауыр жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы  толық жөндеуден өткізу үшін Көкшетау қаласына жеткен. Риза болған шетелдіктер полиция капитаны Саят Тілеген пен полиция лейтенанты Асхат Бақытжанов қоңырау шалып, көмектері үшін рахмет айтқан. Райхан, раушан мен хризантема гүлдері, басқа да өсімдіктер тапсырыс берген гүл мамандарына дер кезінде жеткізілген екен.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті

 ішкі және сыртқы коммуникациялар

 бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp