«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Санитарлық талаптар қатаң сақталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы №2 орта мектепте орналасқан №578 сайлау учаскесі таңғы сағат 8-де өз жұмысын бастады. Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға асыққан тұрғындардың алғашқылары комиссия құрамы дайындаған кішігірім сыйлықтарға ие болды. Сайлау учаскесінің төрайымы Зура Шақанованың айтуынша, күннің бірінші жартысында сайлаушылар көп болғанымен, ғимаратта барлық санитарлық талаптар сақталған.

Аталмыш учаскеде барлығы 1158 адам дауыс берді. Олардың ғимаратқа кіріп-шығуы алдын ала бекітілген қозғалыс ережесіне сәйкес жүргізілді. “Дауыс беруге арналған нысанда сайлаушылар мен комиссия мүшелері арасында 2 метрге дейінгі әлеуметтік қашықтық сақталды. Ең алдымен кіреберісте дауыс беруге келушілердің дене қызуы өлшеніп, оларға қала әкімдігі үлестірген бетперде мен қолғап берілді. Сайлау комиссиясы мүшелері де 3 сағат сайын бетперде ауыстырып, қолды дезинфекциялап тұрды. Пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинауға арналған контейнер орнатып, әр қызметкер сайлаушыны кіреберістен күтіп алды”, – дей отыра Зура Қалқайдарқызы жауапты күні дене температурасы 37 градустан асқан дауыс беруші тіркелмегенін жеткізді.

Қалалық сайлау учаскелері бойынша комиссия төрайымы Тотыкамал Құлжанова хабарлағандай, кабиналар арнайы санитарлық құрылғылармен сағат сайын тазартылып, дауыс берушілер арасындағы әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы қатаң қадағаланған. Облыстағы барлық сайлау учаскелерінің кіреберісінде медицина қызметкерлері мен волонтерлер кезекшілік атқарған. Олар сайлаушылардың санитайзерге қол шаюын қадағалап, дене қызуын өлшеп, әр адамға медициналық қолғап, бетперде мен қалам беріп тұрған.

Қорыта айтқанда, облыста сайлау құқығына ие тұрғын­дардың өз таңдауларын жасауы­на санитарлық талаптар бойынша барлық жағдай жасалынды.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp