Johns Hopkins университетінің дерегі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 90 260 464-ке жетті.
Әлемде 90 260 464 адам коронавирус жұқтырды, оның ішінде 1 934 605 науқас қайтыс болды.
Індет жұқтырғандар бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей, Ұлыбритания елдері көш бастап тұр. АҚШ-та 22 404 481 адам індет жұқтырған, Үндістанда – 10,4 миллионнан астам, Бразилияда – 8 105 790, Ресейде – 3 366 715, Ұлыбританияда 3 081 368 адам тіркелген.
Сондай-ақ Ресейде коронавирустың «британдық» штаммының алғашқы жағдайы тіркелді. Ол елге Ұлыбританиядан келген азаматтан анықталған.
https://egemen.kz