«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРІСКЕЙЛІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді.

№595 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 7-де бастады. Бұл уақытта күн шыға қоймағанымен, дауыс беруге келген сайлаушылардың қатары көп болды.

– Бүгінде жаңа саяси мәдениеттілікті қалыптастырудамыз. Парламенттік сайлау қазақстандық парламентаризмнің дамуындағы маңызды кезең әрі жаңа парағы болып табылады. Бірқатар жерлестеріміз қоғамдық ұйымдар мен партиялар арқылы ел басқаруға қатысу мүмкіндігіне ие болмақ. Сайлауға келушілердің қарасы қалың екені қуантарлық жайт. Жерлестеріміздің маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіруі біздің дұрыс бағытта дамып келе жатқанымызды аңғартады, – деді дауыс беріп шыққан соң журналистерге шағын сұхбат берген Құмар Іргебайұлы.

№595 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қанат Сәдуақасовтың айтуынша, мұнда барлығы 1400 сайлаушы тіркеліпті. Олардың дені түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген. Алғаш рет дауыс берген сайлаушыға, жасы үлкен қарияларға, туған күн иелеріне арнайы сыйлықтар әзірленіпті.

– Халықтың белсенділігі жақсы. Тіптен, 10 шақты адам таң атпай келіп, сайлау учаскесінің ашылуын күтіп отырды. Сайлаушыларымыздың біреуі – соғыс ардагері болса, 25-сі – тыл еңбеккері. Дауыс беруге келгендер арасында жастар көп екенін айтқан жөн. Олардың 15-і сайлауға алғаш рет қатысуда. Сол себепті, біз мұндай дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар әзірледік. Халықтың көңіл күйі тамаша, саяси науқан мерекелік жағдайда өтуде, – деді Қанат Сәдуақасов.

Қаңтардың 10-ы күні облыста жалпы 650 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Онда барлығы 399375 сайлаушының 5 партиядан тіркелген кандидаттарға еш қиындықсыз дауыс беруіне жағдай жасалған. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала деректері бойынша солтүстікқазақстандық сайлаушылар еліміз бойынша белсенділік танытқан. Дауыс беру құқығы бар адамдардың 75,5 пайызы өз таңдауларын жасаған. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Виталий ВЛАСЕНКО.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp