Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Ауа райының нашарлауына байланысты 12 қаңтар күні сағат 9:30-дан бастап көлік құралдарының барлық түрлері үшін облыс жолдарында қозғалыс жабылды. Желдің күшеюі және жаяу бұрқасын жол қозғалысына қатысушылар үшін төтенше жағдай туғызуы мүмкін.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент облыстың елді мекендерінен шығу тәуекелі жоғары екендігін ескертеді. Бұл тыйымның бұзылуы көлік құралдары жүргізушілері мен жолаушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Сурет: https://24.kz/