Облыс орталығындағы Жамбыл–Евней Бөкетов көшелерінің қиылысында «Mercedes Benz 350S» автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан өтіп, қарсы бағытта келе жатқан «Ниссан Премьера» көлігімен соқтығысқан. Оған артында келе жатқан «Toyota Rav 4» көлігі соғылып, 14 жастағы жолаушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. «Mercedes Benz» көлігінің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты әкімшілік материал жиналды.
Жыл басынан бері облыс жолдарында алты жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жеті адам зардап шекті. Жол қозғалысы ережесін бұзудың 600-ден астам фактісі анықталды. Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткені үшін 25 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.