Орталық сайлау комиссиясы таратылған бюллетеньдер мен дауыстардың санын жариялады.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне 11 919 241 азамат енгізілді. Берілген бюллетеньдер – 7 539 280. Белгілі болғандай, саяси партияларға берілген дауыс саны 7 241 562-ге жетті.
Соның ішінде Қазақстан Халық партиясы 659 019 (9,10 пайыз), «Nur Otan» партиясы – 5 148 074 (71,09%), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 383 023 (5,29 пайыз), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 (10,95 пайыз), «ADAL» саяси партиясы 258 618 (3,57 пайыз) дауыс жинады.
https://egemen.kz