«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС САНИТАР-ДӘРІГЕР АУЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылдың 1 қаңтардағы №3 бұйрығына сәйкес облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Енді өңірдің бас санитар-дәрігері міндетін Әсет Жұматаев атқаратын болды.

Әсет Тұрғынбекұлы 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Бірлік ауылында дүниеге келген. Қарағанды медицина академиясын «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тамамдаған. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң қылмыстық атқару жүйесінде еңбек жолын бастаған. 2007 жылы Айыртау ауданындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман ретінде қызметке орналасты. 2008-2013 жылдары аталмыш ведомствоның Аққайың ауданындағы бөлімшесінде басшы қызметін атқарды. 2019 жылға дейін Аққайың ауданында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік етті. Осы тағайындауға дейін Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарды.
Бұған дейін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарған Арман Күшбасов басшының орынбасары болып тағайындалды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp