«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.01.2021

54 АДАМ АУРУ ЖҰҚТЫРДЫ

     2020 жылғы 12 қаңтарда облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 54 адам тіркелді, оның ішінде 27-сі сырқаттың ауру белгілері бар түріне шалдыққан. Жаңа жағдайлар Петропавл қаласында – 23, Қызылжар ауданында – 8, Мамлютте – 2, Мағжан Жұмабаевта – 6, Аққайыңда – 9, Уәлихановта – 4 және Шал ақын ауданында 1 адамнан анықталды.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы 2 есеге өседі

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50 пайызға өсті. 2022 жылы лауазымдық жалақы 25 пайызға, ал 2023 жылы тағы 25 пайызға өседі. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылға 95 млрд теңге бөлінді.

Парламент Мәжілісінің толық құрамы белгілі болды

Мәжілісте еліміздегі 3 саяси партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары мандатқа ие болды.«Nur Otan» партиясы – 76, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 12, Қазақстанның халық партиясы 10 мандат иеленді.

Электр қуаты қымбаттайды

Қаңтардың 20-нан бастап өңірімізде электр қуаты қымбаттайды. Бұл туралы «СевКазЭнерго» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Айта кету керек, тарифтер тек заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін ғана өседі. Ал жеке тұлғалар үшін бұрынғы қалпында қалады.

ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ

Облыс орталығында қар тазалау жұмыстары қарқын алды. Бүгінгі күнге дейін шаһар аумағынан 35 мың текше метрден астам ақ ұлпа сыртқа шығарылды.

Сайлау қорытындысы шығарылды

Орталық сайлау комиссиясы елімізде өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, саяси партияларға берілген дауыстар санын жариялады.

ЖӘРДЕМАҚЫ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Үкімет белгілеген тәртіп пен қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақы төлемдерінің көлемі жыл сайын көбейтіліп отырады. Биыл әлеуметтік төлемнің бұл түрі былтырғы жылғымен салыстырғанда 7 пайызға артты. Сөйтіп, облыс аумағында тұратын 103 мыңнан астам зейнеткер қаңтар айында өсірілген мөлшердегі зейнетақыларын алып үлгерді.